Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 36 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 07.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:
Toggle Dropdown
пайдалы қазбалар тобы - қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутектi шикiзат және жалпы таралған пайдалы қазбалар.
Toggle Dropdown
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртiбi
Toggle Dropdown
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеудi жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларындағы, жұмыстарындағы және қызметтерiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.
Toggle Dropdown
5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды мынадай формула бойынша есептейдi:
Toggle Dropdown
мұндағы:
Toggle Dropdown
МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негiзделетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамту;
Toggle Dropdown
Pi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстарды және қызметтердi сатып алу көлемi, мың теңге;
Toggle Dropdown
МСi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларындағы немесе жұмысындағы және қызметiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi;
Toggle Dropdown
n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.
Toggle Dropdown
6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды мынадай формула бойынша есептейдi:
Toggle Dropdown
тауарлар бойынша:
Toggle Dropdown
МСmin = Рtotal х 0,16 жұмыстар мен қызметтер бойынша:
Toggle Dropdown
МСmin = Рtotal х 0,85 мұндағы:
Toggle Dropdown
МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негiзделетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту, мың теңге;
Toggle Dropdown
Рtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстарды және қызметтердi сатып алуының жалпы көлемi, мың теңге.
Toggle Dropdown
7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жүргiзу жөнiндегi комиссия Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалануға құқық беруге конкурс жүргiзу өтпедi деп таныған кезде, Заңның 47-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiппен осы Қағидаларда көзделген тәртiппен есептелген тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.