• Мое избранное
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 Қаулысы

Тақырып жаңа редакцияда жазылд ҚР Үкіметінің 21.12.2012 жылғы № 1659 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 21.01.2015 жылғы № 34 Бұйрығын қараңыз
Редакция 21.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1659 (29.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1641 қаулысымен
 бекітілген
  • 4
Жиіліктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1659 (29.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі – РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі – ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы – абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не болмаса өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы (ЖЖҚ) – телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда шоғырландыруға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші – жеке немесе заңды тұлға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесінің өкілі, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы – жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру – тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды қолданумен радиожиілікті (радиожиілік арнасын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі (РЖС) – 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал (РЭҚ) – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) – техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану – екі немесе одан да көп пайдаланушылардың жиіліктерді пайдалануы;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаталары бар РЭҚ;
13) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
14) радиожиілік ресурсы (РЖР) – белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;
15) ұйым – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.
2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі
4. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілетін радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімде көрсетілген.
Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімімен реттеледі.
5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі – кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі – РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) қағаз және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.
Өтінім қағаз және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган қызметкерінің ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалады;
3) осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 12-қосымшасына сәйкес техникалық деректері толтырылған сауалнама ұсынылады).
7. Егер өтінім берілген белдеулер (номиналдар) радиожиілігі 1 ГГц-ке дейін болса, аумақтық орган радиожиілікті иелікке берудің қолда бар базасына сәйкес радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) іріктейді және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қорытынды дайындайды және оны өтінімге қоса беріп, өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға жолдайды.
Өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдары) (барлық байланыс түрлері бойынша (WLL) сымсыз радиоға қолжетімділік желілерінен басқа) 1 ГГц-тен асатын болса, аумақтық орган өтінімді келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (техникалық қорытындысыз) Ұйымға қарауға жолдайды.
Сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулер (номиналдар) 1 ГГц жоғары болса, аумақтық орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның қарауына жолдайды.
1 ГГц артық сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулерді (номиналдарды) уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, нәтижесі бойынша өтінімді Ұйымға жолдайды.
Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті лерді түзеткеннен кейін қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.