Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 960 Қаулысы
Редакция 13.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу мен орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Бағдарламаны орындау жөнiндегi жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiндегi есептi дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының