• Мое избранное
Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын. 
2. Қоса беріліп отырған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже бекітілсін. 
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1314 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
2. Кеңес қызметінің мақсаты салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау болып табылады. 
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Салық салу мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетелдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу; 
2) салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктерді және қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
5. Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы: 
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға; 
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрауға және алуға; 
4) салық салу мәселелері бойынша сараптама мен консультациялар өткізу үшін белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік мамандарды тартуға; 
5) Кеңестің шешімдерін орындау жөнінде тапсырмалар беруге.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңестің төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (22.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8. Кеңестің жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңестің отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңестің мүшелеріне жіберілуі тиіс.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін хатшы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Кеңестің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңестің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңестің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
11. Кеңестің отырысы оның төрағасының жеке бастамасы, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы не Кеңестің қарауына ұсынылатын материалдар негізінде Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша шақырылады. 
Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде үш рет өткізіледі және егер оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып саналады. 
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Кеңестің қызметін тоқтату
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
1314 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.07.2009 № 1082 Қаулысымен (31.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.08.2010 жылғы № 782 Қаулысымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (жариялануға жатпайды)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.08.2011 № 933 Қаулысымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) 
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 № 353 Қаулысымен (22.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.05.2012 № 590 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 № 1445 Қаулысымен (08.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 № 607 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.10.2013 жылғы № 1080 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.10.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі,хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстанның Салық төлеушілері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы (келісім бойынша)