• Мое избранное
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 460 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 13.08.2015 жылғы № 211 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнiң қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарға:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.08.2013 ж. № 815 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.
2. Облыс әкiмдерi заңнамамен белгiленген тәртiппен: 
1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдарын плантацияда өсiру жөнiндегi, сондай-ақ жеке меншiк орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын; 
3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.08.2013 ж. № 815 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.08.2013 ж. № 815 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 
2) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаш пен бұта тұқымдары плантацияларының есепке алынуын ұйымдастырсын.
4. "Қазақстан Республикасында сексеуiл екпелерiн сақтау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 тамыздағы N 942 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 28, 318-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровқа жүктелсін.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 568 (23.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.08.2013 ж. № 815 Қаулысымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі