Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 910 Қаулысы
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 910 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi
1. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) оны пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсiруге арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi имараттар орналастыруға;
2) кемелердiң алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе олардың көлiк оқиғаларына ұшырауы жағдайында уақытша имараттар мен құрылыстар салуға және басқа да қажетті жұмыстар жүргiзуге рұқсат етіледi.
Уақытша имараттар мен құрылыстарға жағалау белдеуiн уақытша пайдалану кезеңiне арнайы салынған немесе лайықталған объектілер жатады.
3. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Жағалау белдеуi шектерiнде руда емес құрылыс материалдарын өндiрудi, орман кесудi, көпірлер салуды және басқа да жұмыстарды жүргізетiн ұйымдар, осы белдеуде орналасқан кеме қатынасы мұқтаждарына арналған имараттардың сақталуын қамтамасыз етедi және жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған осы имараттардың ақауларын уақтылы жөндеудi.
6. Уәкiлеттi орган, жағалау белдеуiнiң учаскесi қарауында болатын кәсiпорынның ұсынуы бойынша пайдаланушыға бұл учаскенi осы орган белгiлейтiн мерзiмге уақытша пайдалануға рұқсат бередi. Жағалау белдеуiн уақытша пайдалану мерзiмiн әрбiр нақты жағдайда уәкiлетті орган белгілейдi.
7. Егер мұндай қызмет кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен сыйыспайтын болса, жағалау белдеуiн шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.