• Мое избранное
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы

Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін. 
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын. 
3. Қоса беріліп отырған: 
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері; 
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 523 Жарлығымен
 бекітілген
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Конкурсты өткізудің мақсаттары: 
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру; 
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттiң акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
1-тармақ төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 123 Жарлығымен (16.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс. 
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. 
Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2011 жылдан бастап) 
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (30.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Конкурсқа катысуға:
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
7. Ұйымдастырушылар: 
1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды; 
2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын; 
3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
3-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
9. Жергілікті атқарушы орган:
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады.
4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.
9-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; 
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; 
Үміткердің есебінде: 
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; 
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат; 
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
4-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Ережелер 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.
Ережелер 11-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды.
Ережелер 11-3-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.
12. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2011 жылдан бастап)
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт».
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
13-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Гран-при «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында беріледі.
13-1-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.
15. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.
16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
16-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (30.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
Ережелер 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2. Ұйымдастырушылар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.
Ережелер 16-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-2-тармақ  жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
17-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 523 Жарлығымен
 бекітілген
Бизнестің әлеуметтік
 жауапкершілігі жөніндегі
 "Парыз" конкурсын өткізу
 ережелеріне
 ҚОСЫМША
Қосымша өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 жылғы № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 523 Жарлығымен
 бекітілген
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 123 Жарлығымен (16.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Комиссияның міндеттері: 
1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау; 
2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу; 
3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.
4. Комиссияның: 
1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға; 
2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы; 
3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Комиссия құрамына: 
1) Комиссияның төрағасы; 
2) Комиссия төрағасының орынбасары; 
3) Комиссияның хатшысы; 
4) Комиссияның мүшелері кіреді.
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.
7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар: 
1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету; 
2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру; 
4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру; 
5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.
9. Жұмыс органы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.05.2016 жылғы № 261 Жарлығына сәйкес (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2016 жылы № 92 (28820) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінд е бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.
11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. 
Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.
13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 523 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 123 Жарлығымен (16.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 284 Жарлығымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2014 жылғы № 873 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (01.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.09.2019 жылғы № 177 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (30.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Президенті          – төраға
Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры - Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша)
Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті (келісім бойынша)