• Мое избранное

Отправить по почте

2009-2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 31-ө Өкімі

Редакция 19.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған 2009-2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі бекітілсін. 
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр                                   К. Мәсімов
                                   Қазақстан Республикасы 
                                      Премьер-Министрінің 
                                    2009 жылғы 4 наурыздағы 
                                        N 31-ө өкімімен                                                     бекітілген
2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.03.2010 № 179 Қаулысымен, ҚР Премьер-Министрінің 19.01.2011 № 3-ө Өкімімен (04.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
N
Мерейтойлар мен атаулы күндердің атауы Аяқтау нысаны Орындалуына жауаптылар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5
1. Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, Ақмола облысының әкімі 2009 жыл
2. Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, Жамбыл облысының, Алматы қаласының әкімдері 2009 жыл
3. Ғарифолла Құрманғалиевтың 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының, Алматы қаласының әкімдері 2009 жыл
4. Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, Қызылорда облысының, Алматы қаласының әкімдері 2009 жыл
5. Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, БҒМ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2010 жыл
6. Григорий Николаевич Потаниннің 175 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, БҒМ, Павлодар облысының әкімі 2010 жыл
7. Міржақып Дулатовтың 125 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, БҒМ 2010 жыл
8. Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, Жамбыл, Атырау облыстарының, Алматы қаласының әкімдері 2010 жыл
8-1. Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы БАМ, ММ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі 2010 жыл
9. Дина Нүрпейісованың 150 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ММ, БАМ, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының әкімдері 2011 жыл
10. Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ММ, БАМ, БҒМ, Қарағанды облысының, Алматы қаласының әкімдері 2011 жыл
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: 
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі