• Мое избранное
Темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2011 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 258 қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.03.2011 № 272 Қаулысымен. (13.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 13.01.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Заңды және жеке тұлғалар жүк қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеуді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібі бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 18 наурыздағы
 N 258 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің Тәртібі 
1. Осы Тәртіп заңды және жеке тұлғалар қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын және "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ) тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде қолданылады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2006. № 38 қаулысымен. (14.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
1) салық салынатын тауарлардың бірлігі - бір темір жол жүк қағазы (коносаменті, өзге де көлік құжаты) бойынша тасымалданатын тауарлардың партиясы;  
2) жөнелтуші кеден органы - тауарлар партиясы үшін кедендік бақылау мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы тасымалдау басталатын кеден органы;  
3) арналған кеден органы - тауарлардың партиясы үшін кедендік бақылау мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы тасымалдау аяқталатын кеден органы.  
3. Темір жол станциялары жөнелтуші кеден органына жол ведомосын (үш данада) және басқа да тауарға ілеспе құжаттарды ұсыну арқылы тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келгендігі туралы хабарлауға міндетті.  
4. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың партиясы тізілімге енгізіледі. Тізілімді жасауды жол ведомостары мен темір жол жүк қағазы деректерінің негізінде жөнелтуші кеден органдарымен бірлесіп "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ-тың тиісті аумақтық құрылымдары жүзеге асырады.  
Тізілімге енгізілуге жататын мәліметтердің нысаны мен тізбесін кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгілейді.  
Тізілімдердің көшірмелері бақылау үшін кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгілейтін кеден органына жолданады. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2006. № 38 қаулысымен. (14.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы жол ведомосына Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген тауарларды кедендік бақылаудың басталғандығы туралы куәландыратын белгіленген үлгідегі мөртаңба мен ішкі транзиттік құжаттарды тіркеу журналы бойынша берілетін анықтамалық нөмір қояды.  
Жол ведомосының бір данасы жөнелтуші кеден органында қалады, ал басқа екі данасы арналған кеден органына жеткізу үшін тасымалдаушыға беріледі.  
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде арналған кеден органының лауазымды тұлғасы жол ведомосына тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығару үшін негіз болып табылатын кедендік бақылаудың аяқталғандығы туралы қажетті белгілер соғады.  
Жол ведомосының бір данасы арналған кеден органында қалады, арналған кеден органының тиісті белгілері бар келесі данасы тасымал- даушыға беріледі.  
7. Арналған кеден органы тауарлар өткеннен кейін он күндік мерзім ішінде жөнелтуші кеден органына тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгендігі туралы жазбаша құлақтандыру жібереді.  
8. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдар 14 АҚШ долларына бара-бар мөлшерде алым салынатын тауарлардың бірлігі үшін арнаулы ставка бойынша есептеледі.  
Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгіленген кеден органы алады.  
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi көрсетілген кедендік алымдарды республикалық бюджетке уақытылы аударуды қамтамасыз етеді. 
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2006. № 38 қаулысымен. (14.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды төлеу тізілімдердің негізінде "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ жасайтын жиынтық ведомость пен оның электронды көшірмесінің негізінде жүргізіледі.  
"Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ бекіткен жиынтық ведомость темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде декларацияның нысаны болып табылады.  
Жиынтық ведомость пен оның электронды көшірмесі кеден органына айына бір рет ұсынылады.  
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заң актілері мен осы қаулыда көзделмеген өзге де алымдар мен төлемдерді алуға жол берілмейді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2006. № 38 қаулысымен. (14.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Төлеуге жататын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдардың сомасы ай сайын жиынтық ведомостың негізінде есепті айдың бірінен бастап соңғы күніне дейінгі кезең үшін есептеледі. 
11. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды декларациялау мен төлеу кеден iсi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2006. № 38 қаулысымен. (14.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)