Bestprofi Logo

Қаулы № 965 от 2010-09-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015 г.

Документ на казахском языке

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес «Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен қағидасын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 538 және ҚР Энергетика министрінің 30.04.2015 жылғы № 330 Бірлескен бұйрығын қараңыз

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны;

2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны;

3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны;

4) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны;

5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;

6) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы бекітілсін.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Сатып алынатын заттың коды ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы Өлшем бірілігі
1 2 3 4 5



Тауарлар



Жұмыстар



Қызметтер
кестенің жалғасы

Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге Сатып алу тәсілі Сатып алуды өткізу орны Сатып алуды өткізу мерзімі Жеткізу мерзімі
6 7 8 9 10 11












Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Сатып алынатын заттың коды ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы
1 2 3 4



Тауарлар



Жұмыстар



Қызметтер
кестенің жалғасы

Өлшем бірлігі Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге Сатып алу тәсілі Сатып алуды өткізу мерзімі
5 6 7 8 9










Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Сатып алынатын заттың коды ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы
1 2 3 4



Тауарлар



Жұмыстар



Қызметтер
кестенің жалғасы

Өлшем бірлігі Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер ҚҚС есепке алмағанда, сатып алуға жоспарланған сомасы, мың теңге Сатып алуды өткізу мерзімі
5 6 7 8








Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны (1-бөлік)

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Сатып алынатын заттың коды Сатып алу коды Сатып алу тәсілі Сатып алудың қорытындысын шығару күні (кк.аа.жжж) Шарт № Шарт жасасқан күні (кк.аа.жжж.) Шарт қолдануының аяқталу күні (кк.аа.жжж)
1 2 3 4 5 6 7 8








кестенің жалғасы

Шарт мәртебесі ҚҚС есепке алмағанда, шарттың жалпы сомасы, мың теңге ҚҚС есепке алмағанда, ЖСЖ-да жоспарланған сомасы, мың. теңге ҚҚС есепке алмағанда, шарт бойынша есеп беру кезіндегі нақты төленгені ТЖҚ-ны жеткізушінің ұйымдық-құқықтық нысаны ТЖҚ-ны жеткізуші ел ТЖҚ-ны жеткізушінің атауы
9 10 11 12 13 14 15







кестенің жалғасы

Жеткізушінің БСН (ЖСН) Жеткізушінің СТН Жеткізушінің заңды тіркелген елді мекені Жеткізушінің заңды тіркелген мекен-жайы Жеткізушінің нақты орналасқан елді мекені Жеткізушінің нақты орналасқан мекен жайы
16 17 18 19 20 21






кестенің жалғасы

Жеткізушінің электрондық мекен жайы Жеткізушінің сайты Жеткізушінің байланыс телефоны Жеткізуші қызметкерлерінің саны
Жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны Жеткізуші қызметкерлерінен - Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
22 23 24 25 26





Жер қойнауының пайдаланушылар сатып алған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны (2-бөлік)

Шарт № Сатып алу коды ӨСЖ бойынша ТЖҚ коды Сатып алынатын ТЖҚ атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы Өлшем бірлігі Заттай түрінде сатып алуға жоспарланған мөлшер ҚҚС есепке алмағанда, сатып алу мөлшерінің құндық тұлғалануы, мың теңге СТ-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің БСН/ЖСН
1 2 3 4 5 6 7 8








кестенің жалғасы

СТ-KZ сертификаты берілген тауар өндірушінің СТН СТ-KZ сертификатының № СТ-KZ сертификатының сериясы СТ-KZ сертификатын беретін органның коды кк.аа.жжжж. СТ-KZ сертификатының берілген күні СТ-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық үлес, % Жұмыстардағы (қызметтердегі) қазақстандық үлес, %
9 10 11 12 13 14 15







Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер

ӨСЖ - өнімнің статистикалық жіктеуіші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебінің нысаны

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі Келісімшарт шеңберінде қамтылған қызметкерлердің жалпы саны Келісімшарт шеңберінде қамтылған қызметкерлердің - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны Келісімшарт шеңберінде қамтылған қызметкерлер саны, 1-санат - басшылық құрам, оның ішінде: Келісімшарт шеңберінде қамтылған қызметкерлер саны, 2-санат - жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандар, оның ішінде: Келісімшарт шеңберінде қамтылған қызметкерлер саны, 3-санат - білікті жұмысшылар, оның ішінде:
барлығы қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының саны барлығы қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының саны барлығы қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
1 2 3 4 5 6 7 8 9









Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысымен бекітілген

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы (бұдан әрі — Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың тәртібін айқындайды.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар және анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:

электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.

2. Тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау тәртібі

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы

3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы (бұдан әрі - 1-нысан ) әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызметтер жолма-жол, жеке мынадай тәртіпте толтырылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға жоспарланатын сатып алу туралы ақпаратпен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысанын толтыру арқылы жүзеге асырылады:

1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда осы Қағидаға 3-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес Сатып алу мәнінің жіктеуішіне сәйкес сатып алу мәнінің коды көрсетіледі;

3-бағанда Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) статистикалық модельдік жіктеуішісіне сәйкес 10 символ деңгейінде тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі;

4-бағанда сатып алынатын тауардың және/немесе жұмыстардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің (техникалық жағдайлары, қасиеті және сипаттамасы) атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы көрсетіледі;

5-бағанда Мемлекетаралық өлшем бірлігі мен есеп жіктеуішіне сәйкес тауарлардың өлшем бірлігінің коды көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көрінісіндегі тауардың жоспарланған саны (сатып алу мөлшері) көрсетіледі. Жұмыстар, қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

7-бағанда қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есептеусіз мың теңге (жүздік үлесімен бөлшектік саны) құндық көрінісінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алудың жоспарланған көлемі көрсетіледі;

8-бағанда Сатып алу тәсілінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілінің коды 1-қосымшаға сәйкес көрсетіледі:

осы Қағидаға 1-қосымшаның 1-кестесіне сай Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 2-кестесіне сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 3-кестесіне сай жер қойнауын пайдаланушылардың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар.

Егер көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен сатып алу туралы бұрын жасалған шарт бойынша жүзеге асырылған жағдайда 106 коды көрсетіледі;

9-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланатын өткізу орны - елді мекен коды көрсетіледі;

10-бағанда осы Қағидаға 2-қосымшаға сай Уақытша кезеңдердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізудің жоспарланатын мерзімінің коды көрсетіледі;

11-бағанда осы Қағидаға 2-қосымшаға сай Уақытша кезеңдердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізудің жоспарланатын мерзімінің коды көрсетіледі.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы

4. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасын жасау (бұдан әрі - 2-нысан ) әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке жолма-жол мынадай тәртіппен толтырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді үш жылға дейінгі кезеңге жоспарланатын сатып алу туралы ақпаратпен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысанын толтыру арқылы жүзеге асырылады:

1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда осы Қағидаға 3-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес сатып алу мәнінің жіктеуішіне сәйкес сатып алу мәнінің коды көрсетіледі;

3-бағанда Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) статистикалық модельдік жіктеуішіне сәйкес 10 символдың деңгейінде тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі;

4-бағанда сатып алынатын тауардың және/немесе жұмыстың және/немесе көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

5-бағанда Мемлекетаралық өлшем бірлігі мен есеп жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігінің коды көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көрінісіндегі тауардың жоспарланатын саны (сатып алу мөлшері) көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

7-бағанда ҚҚС есептеусіз мың теңге (жүздік үлесімен бөлшектік сан) құндық көрінісінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі;

8-бағанда сатып алу тәсілінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілінің коды 1-қосымшаға сай көрсетіледі:

осы Қағидаға 1-қосымшаның 1-кестесіне сай Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 2-кестесіне сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 3-кестесіне сай жер қойнауын пайдаланушылардың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп тікелей немесе жанама пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар.

9-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізудің жоспарланатын жылы көрсетіледі (жылды белгілеу кезінде АNN префиксі және жылдың соңғы екі саны қолданылады).

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасы

5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жасау (бұдан әрі - 3-нысан ) әрбір тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке жолма-жол мынадай тәртіппен толтырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді он жылға дейінгі кезеңге жоспарланатын сатып алу туралы ақпаратпен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысанын толтыру арқылы жүзеге асырылады:

1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда осы Қағидаға 3-қосымшаның 2-кестесіне сай сатып алу мәнінің жіктеуішіне сәйкес сатып алу мәнінің коды көрсетіледі;

3-бағанда Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) статистикалық модельдік жіктеуішіне сәйкес 10 символ деңгейінде тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің коды көрсетіледі;

4-бағанда сатып алынатын тауардың және/немесе жұмыстардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

5-бағанда Мемлекетаралық өлшем бірлігі мен есеп жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігінің коды көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көрінісіндегі тауардың жоспарланатын саны (сатып алу мөлшері) көрсетіледі. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

7-бағанда ҚҚС-ны есептеусіз мың теңге (жүздік үлесімен бөлшектік сан) құндық көрінісінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі;

8-бағанда тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізудің жоспарланған жылы көрсетіледі (жылды белгілеу кезінде ANN префиксі және жылдың соңғы екі саны қолданылады).

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы есептері

6. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебі жер қойнауын пайдаланушылардың есепті кезең үшін әрбір жасалған шарт туралы ақпаратпен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі - 4-нысан, 1-бөлік) туралы есебінің нысанын мынадай тәртіппен жолма-жол толтыру арқылы жүзеге асырылады:

1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда осы Қағидаға 3-қосымшаның 2-кестесіне сай сатып алу мәнінің жіктеуішіне сәйкес сатып алу мәнінің коды көрсетіледі;

3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Осы бағанды:

кең таралған пайдалы қазбалар жөнінде операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

жер қойнауын пайдалану құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар толтырмайды;

4-бағанда осы Қағидаға 1-қосымшаға сай Сатып алу тәсілінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілінің коды көрсетіледі;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 1-кестесіне сай Заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 2-кестесіне сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

осы Қағидаға 1-қосымшаның 3-кестесіне сай жер қойнауын пайдаланушылардың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар.

Егер көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен сатып алу туралы бұрын жасалған шарт бойынша жүзеге асырылған жағдайда 106 коды көрсетіледі;

5-бағанда сатып алудың қорытындысын шығару күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

6-бағанда шеңберінде тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет сатып алынған шарттың № көрсетіледі;

7-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

8-бағанда шарт қолданысының аяқталу күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

9-бағанда осы Қағидаға 3-қосымшаның 1-кестесіне сай Шарттар мәртебелерінің жіктеуішіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі;

10-бағанда ҚҚС-ны есептеусіз жалпы шарт сомасы мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшектік сан) көрсетіледі;

11-бағанда шарт шеңберінде сатып алынған тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жылдық сатып алу бағдарламасында жоспарланған ҚҚС-ны есептеусіз жалпы сатып алу сомасы мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшектік саны) көрсетіледі;

12-бағанда ҚҚС-ны есептеусіз шарт бойынша есепті кезең үшін нақты төленген сомасы мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшектік сан) көрсетіледі;

13-бағанда Ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық жүргізу нысандарының жіктеуішіне сәйкес жеткізушінің шаруашылық жүргізу ұйымының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының коды көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

14-бағанда елдің Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өнім беруші елдің коды көрсетіледі. Егер өнім беруші жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

15-бағанда жеткізушінің атауы көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, заңды тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) тіркеу куәлігіне сәйкес және жеке кәсіпкерді (жеке тұлғалар үшін) тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі;

16-бағанда өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

17-бағанда өнім берушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

18-бағанда өнім берушінің әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес өнім берушінің заңды тіркеу елді мекенінің коды көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

19-бағанда өнім берушінің заңды тіркеу мекен жайы: елді мекені, көшесі, үйі, офисі көрсетіледі;

20-бағанда өнім берушінің әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес жеткізушінің нақты орналасқан елді мекенінің коды көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

21-бағанда өнім берушінің нақты орналасқан мекен жайы: елді мекені, көшесі, үйі, офисі көрсетіледі;

22-бағанда өнім берушінің электрондық мекенжайы көрсетіледі;

23-бағанда өнім берушінің веб-сайты (болған жағдайда) көрсетіледі;

24-бағанда өнім берушінің байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;

25-бағанда өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

26-бағанда өнім беруші қызметкерлерінің - Қазақстан Республикасы азаматтарының саны көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, баған толтырылмайды.

7. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есеп нысанының (бұдан әрі — 4-нысан, 2-бөлік) әр жолына есепті кезеңдегі ақпаратты толтыру арқылы бір шарттың шеңберінде сатып алынатын (ған) әрбір тауар, жұмыс немесе қызмет бойынша бөлек-бөлек мынадай тәртіппен жасалады:

1-бағанда шеңберінде тауар, жұмыс немесе қызметтер сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Бұл бағанды:

кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;

жер қойнауын пайдаланудың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар толтырмайды;

3-бағанда осы шарттың шеңберінде сатып алынатын Өнімнің (тауарлар мен қызметтердің) модельдік статистикалық жіктеуішіне сәйкес тауардың, жұмыстың немесе қызметтің 10 символ деңгейіндегі коды көрсетіледі;

4-бағанда сатып алынған тауардың немесе жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;

5-бағанда Өлшем бірліктері мен есептеудің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес код көрсетіледі. Жұмыстар, қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауардың мөлшері көрсетіледі. Жұмыстар және қызметтер бойынша баған толтырылмайды;

7-бағанда ҚҚС-ны есептеусіз сатып алудың құндық мәндегі көлемі мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшектік сан) көрсетіледі;

8-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауарды өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

9-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар өндіруші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

10-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

11-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың сериясы көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

12-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген органның коды көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

13-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;

14-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту көрсетіледі, пайыз. Жергілікті жерде - шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міңдетті;

15-бағанда жұмыстардағы (қызметтегі) жергілікті қамту көрсетіледі, пайыз (жүздік үлесіне дейін). Жергілікті қамтуды есептеу қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін, сондай-ақ осы жұмысты (қызметті) орындау үшін сатып алынған барлық тауарларды ескере отырып, Қазақстан Реслубликасының Үкіметі бекіткен Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардаға жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебі

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

8. Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебі жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысанына (бұдан әрі - 5-нысан ) ақпарат толтыру арқылы мынадай тәртіппен жасалады:

8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған қызметкерлердің жалпы саны көрсетіледі;

3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;

4-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған басшылық құрам - 1-санат қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;

5-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде қамтылған басшылық құрам - 1-санат кызметкерлерінің - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;

6-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге камтылған жоғары және орта кәсіптік білімі бар - 2-санат қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;

7-бағанда жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге қамтылған жоғары және орта кәсіптік білімі бар - 2-санат — қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;

8-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған — 3-санат кәсіби жұмысшыларының жалпы саны көрсетіледі;

9-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған - 3-санат кәсіби жұмысшыларының - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі.

3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін ұсыну тәртібі

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

9. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын жылдық сатып алу жүргізу үшін жоспарланған 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 405 Қаулысымен 11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

10. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 2, 3-нысандар бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 405 Қаулысымен 11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

11. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 4-нысан, 1 және 2-бөлігі бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 405 Қаулысымен 11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

12. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын және жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 5-нысанға сәйкес экрандық нысанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен кадрлардағы жергiлiктi қaмту жөнiндегi міндеттемелерді орындау туралы есепті индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды; 12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 405 Қаулысымен 11.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4. Көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міңдеттемелердің орындалуы туралы есептерін ұсыну тәртібі

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

13. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын жылдық сатып алу жүргізу үшін жоспарланған 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 1-нысан бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында орналастырады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде 1-нысан бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бес жұмыс күні ішінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

14. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын жылдық сатып алу жүргізу үшін жоспарланған 1-ақпаннан кешіктірмей не әсер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 2, 3-нысандар бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламасын мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

15. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның веб-сайтына орналастыру жолымен 4-нысан, 1 және 2-бөлігі бойынша ЕХСЕL форматында электрондық түрде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есепті мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

16. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын және жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында 5-нысанға сәйкес экрандық нысанды толтыру жолымен кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есепті мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырады.

16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2012 жылғы № 441 Қаулысымен (20.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасына 1-қосымша

Жіктеуіш коды Атауы
101 Ашық конкурс
102 Баға ұсыныстарын сұрату
103 Бір көзден сатып алу
104 Тауарлық биржалар
105 Электрондық сатып алу жүйесі арқылы
106 Ұзақ мерзімді келісімшарт
112 Қағида нормаларын қолданусыз

Жіктеуіш коды Атауы
107 Ашық конкурс
102 Баға ұсыныстарын сұрату
103 Бір кезден сатып алу
108 Ұйымдастырылған электрондық сауда
104 Тауарлық биржалар
106 Ұзақ мерзімді келісімшарт
112 Қағида нормаларын қолданусыз

Жіктеуіш коды Атауы
101 Ашық тендер
109 Жабық тендер
110 Екі сатылы ашық тендер
111 Екі сатылы жабық тендер
102 Баға ұсыныстарын сұрату
103 Бір көзден сатып алу
108 Ұйымдастырылған электрондық сауда
104 Ашық тауарлық биржалар
106 Ұзақ мерзімді келісімшарт
112 Қағида нормаларын қолданусыз

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасына 2-қосымша

Жіктеуіш коды Атауы
QAN1 1-тоқсан
QAN2 2-тоқсан
QAN3 3-тоқсан
QAN4 4-тоқсан
SAN1 1-жартыжылдық (1-2 тоқсан)
SAN2 2-жартыжылдық (3-4 тоқсан)
ANNгг Жыл*

Ескертпе: * жылды белгілеу кезінде ANN префиксі және жылдың соңғы екі саны қолданылады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасына 3-қосымша

Жіктеуіш коды Атауы
0 Жасалған
1 Орындалған
2 Бұзылған

Жіктеуіш коды Атауы
0 Тауар
1 Жұмыс
2 Қызмет

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание