• Мое избранное
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.01.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 191 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму Министрінің м.а. 23.01.2015 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереженің 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр А. Рау
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа
 технологиялар
 бірінші вице-министрінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 191 бұйрығына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 08.07.2014 жылғы № 255 Бұйрығымен (19.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамы

Бертісбаев

Несіпқұл Бертісбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төраға

Қабылбай Әлібек

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаменті директорының орынбасары, төрағасының орынбасары

Дусенов

Ілияс Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аккредиттеу басқармасының сарапшысы, хатшы

Ертаев

Ержан Ерболұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды бақылау басқармасының бас сарапшысы

Ешенкелдиев

Нұржан Әбдісаматұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті техникалық реттеу және нормалау басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

Шүренов

Сәлімтай Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитеті Хатшылығының сарапшысы (келісім бойынша)