• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 293 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 955 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 23.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының басқару қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. ІІМ комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары жеке құрамның Регламентті зерделеуін және оны бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
2-1. Мәселелерді ведомствоаралық деңгейде пысықтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне тар ведомстволық сипаттағы хаттар жобасын дайындау практикасына тыйымсалынсын.
Осы бұйрық 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 24.04.2014 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
2-2. Құпиялылық режим талаптарын ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларын тек мемлекеттік органдардың Интранет-порталы арқылы келісу қамтамасыз етілсін.
Осы бұйрық 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 24.04.2014 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
2-3. Құқықтық статистиканың ресми статистикалық деректерін ішкі істер департаменттерінен қосымша сұрау салулар мен есеп берулерді қалыптастырусыз барынша пайдалану қамтамасыз етілсін.
Осы бұйрық 2-3-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 24.04.2014 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Регламентті зерделеуді ұйымдастырсын және оның негізінде құзыреті шегінде бір ай мерзім ішінде өз аппараттарының регламентерін әзірлесін және бекітсін, оларды жеке құрамның қатаң сақтауын қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 3 шілдедегі № 248, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 22 шілдедегі № 289 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ішкі істер министрлігінің ішкі тәртіп мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 151 бұйрығында:
1-тармақ алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 400, 2007 жылғы 30 шілдедегі № 305 және 2008 жылғы 1 қаЗаңдағы № 371 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 каңтардағы № 15 бұйрығында:
1-тармақтың 2-тармақшасы алынып тасталсын
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің орынбасарларына, Штаб-департаментке (М.Ә. Бұқанов) және Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына (Б.М. Утеулин) жүктелсін.
Министр  С. Баймағанбетов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 30 маусымдағы
№ 293 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - министрлік) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ішкі істер органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.
2. Министрліктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеге, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
3. Министрдің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, және өзге де қызметін қамтамасыз етуді Штаб-департамент (бұдан әрі - Штаб) министрлік орталық аппаратының қызметін қамтамасыз етуді министрліктің комитеттері, департаменттері, дербес басқармалары (бұдан әрі - қызметтер) өз құзыреттеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізуді, министрлікке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды, оның ішінде байланыс және деректер берудің ашық арналары арқылы келіп түсетін хабарламаларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды осы Регламентте, Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) белгіленген тәртіппен Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі - ҚҚЕБ) жүзеге асырады.
5. Министрліктің орталық аппаратында барлық құпия жұмыс түрлерін жүргізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеуді, іске асыруды және жүзеге асырылуын бақылауды, сондай-ақ байланыс және деректер берудің жабық арналары арқылы келіп түскен хабарламаларды қабылдауды, өңдеуді және таратуды Екінші арнайы басқарма жүзеге асырады.
6. Министрдің, Министрдің орынбасарларының тапсырмалары бойынша соттарда министрліктің мүдделерін білдіруді және қорғауды Заң департаменті және талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне кіретін қызмет жүзеге асырады.
7. Министрліктің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді және оның нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беруді Заң департаменті жүзеге асырады.
8. Министрдің, Министрдің орынбасарларының құзыретіне кіретін кадр мәселелерін шешу Үкімет қаулысымен бекітілген министрлік туралы ережеге, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеге, министрліктің комитеттері туралы ережелерге, министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Ішкі істер органдары жүйесінің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді және үйлестіруді, сондай-ақ халықаралық құқықтық жұмысты Штаб жүзеге асырады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 07.06.2011 жылғы № 266 Бұйрығымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кіріс хат-хабарларды қарау
10. Министрлікте хат-хабарларды қарау және олардың ету тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Регламентке және Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Премьер-Министр Кеңсесінен және Парламенттен келіп түсетін хат-хабарларды қоспағанда, министрлік кіріс хат-хабарларды сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Премьер-Министрдің Кеңсесінен және Парламенттен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс күндері қабылдау уақыты бойынша шектеусіз, ал сенбі күндері сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері жолдайтын ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер жөніндегі хат-хабарларды министрлік жыл сайын наурыз және қазан айларында қабылдайды.
12. Жедел тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттар (орындалу мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) жеделдігін растайтын құжатты көрсеткенде (Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының көшірмелері) қабылдау уақыты бойынша шектеусіз қабылданады.
13. Министрлікке келіп түскен хат-хабарларды ҚҚЕБ есепке алу журналына және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің автоматтандырылған-ақпараттық жүйесіне тіркейді.
14. Тіркелген хат-хабарларды ҚҚЕБ-нің бастығы немесе оны алмастыратын адам зерделейді және белгіленген тәртіпте министрліктің басшылығына, әдетте, бір тәулік ішінде, жедел құжаттарды орындаушы қызметтерге олардың қысқаша мазмұнымен біруақытта хабарлай отырып, дереу баяндайды.
15. Министрге баяндау үшін іріктеліп алынған кіріс хат-хабарларға ҚҚЕБ-нің бастығы бұрыштаманың жобасын дайындайды, олар белгіленген үлгідегі бланкілерге басылады. Қосымша түсінік беруді және келісуді қажет ететін мәселелер бойынша бұрыштамалардың жобасы тиісті қызмет басшыларының қатысуымен дайындалады.
16. Құжатта қойылған мәселелердің мазмұны мен мәнін ескере отырып, министрлік басшылығына ол туралы баяндау қажет болмаса, онда ҚҚЕБ-нің бастығы бұл құжатты кіріс хат-хабарларды есепке алу тобы арқылы тиісті қызметтің басшысына жібереді.
17. Министрлік басшылығы қараған құжаттар бұрыштамаларымен бірге орындаушыға беру үшін ҚҚЕБ-нің кіріс хат-хабарларды есепке алу тобына жіберіледі, мұнда бұрыштаманың қысқаша мазмұны орындаушысын (-ларын) көрсете отырып, есепке алу журналына жазылады.
18. Барлық бақылаудағы құжаттар қызметтерге жіберілмес бұрын бақылауға қою үшін Штабқа беріледі. Штабта құжаттар 1 сағат ішінде өңделіп, одан кейін ҚҚЕБ-ге қайтарылады.
ҚҚЕБ құжат түпнұсқасының бұрыштамасында бірінші болып көрсетілген немесе атауының тұсында «(жинақ)» деген белгі тұрған негізгі орындаушыға беріледі, құжаттардың көшірмелері бірлесіп орындаушы қызметтерге беріледі.
19. Егер Министр бұрыштамада бірінші болып Министрдің орынбасарларының бірін көрсетсе, соңғысы қызмет басшыларына тиісті жазбаша тапсырмалар беруге міндетті.
20. Құжаттар қызметтердің кеңсе қызметкерлеріне немесе орындаушыға міндетті түрде олардың тектерін және алған күнін көрсете отырып, қол қойғызып беріледі. Қызметтердің кеңсе қызметкерлері ҚҚЕБ-ден хат-хабарларды күніне екі рет, қажет болған жағдайда ҚҚЕБ қызметкерінің телефон арқылы хабарлауы бойынша дереу алады.
21. Жұмыстан тыс уақытта (демалыс және мейрам күндері, жұмыс уақытынан кейін) хат-хабарларды министрліктің Жедел басқару орталығының кезекші бөлімі қабылдайды, олар пакеттерді есепке алу журналына пакеттерді тіркейді және оларды ашпай, ҚҚЕБ-ге қолхат арқылы береді.
Хат-хабарларды қабылдаған адам мекен-жайдың дұрыстығын, ораудың және мөр таңбасының бүтіндігін, олардың жіберушінің атауына сәйкестігін тексереді, пакетте көрсетілген ішіне салынғандардың нөмірлерін тізілімде (тарату кітабында немесе қолхатта) көрсетілген нөмірлермен салыстыра тексереді.
22. Қызметтердің құзыретіне жататын және олар бойынша Министрдің немесе Министрдің орынбасарларының шешім қабылдауын қажет етпейтін мәселелер бойынша министрлікке немесе оның басшылығына жолданған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін ҚҚЕБ мәселенің мәні бойынша қарау үшін тиісті қызмет басшысына жібереді, кейіннен хаттың авторына хабарлайды.
23. Министрге немесе Министрдің орынбасарларына жолданған қызметтік хат-хабарларды тиісті шешім қабылдау үшін, Министр мен Министрдің орынбасарларының арасындағы міндеттердің бөлінуіне сәйкес, қызметтердің басшылары енгізеді.
24. Министрлікке дауыс беру үшін келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобасы ҚҚЕБ-ден Заң департаментіне жіберіледі.
Заң департаменті жобаны мүдделі комитеттермен, департаменттермен және дербес басқармалармен бірге пысықтайды.