• Мое избранное
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.10.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 02.10.2014 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметкерлерді тағайындау, босату және шығару тәртібін нақтылау, кадрларды іріктеу және орналастыру үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. ІІМ Ішкі әскерлері, Әкімшілік полиция, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Жетінші департаменттің, «Р» департаменттің, ішкі істер департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының, ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары:
1) осы бұйрыққа сәйкес тиісті лауазымдар номенклатурасының тізбелерін бекітсін;
2) басшы лауазымдарға тағайындау үшін ұсынылатын адамдарға материалдарды дайындау, келісу және Кадр жұмысы департаментіне ұсыну, лауазымнан босату немесе қызметтен шығару тәртібін сақтауды, ал қажет болған жағдайда - үміткерлердің әңгімелесу және кәсіби жарамдылығын айқындау үшін ІІМ-ге шығуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 690 бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар ТІЗБЕСІ
Тізбе өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 жылғы № 348 Бұйрығымен (30.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Лауазым Кім тағайындайды Кім ұсынады Кіммен келісіледі
Ішкі істер министрінің номенклатурасы
Комитеттер төрағалары (Ішкі әскерлер комитетінен басқа) Министр Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссиямен
Комитеттер төрағаларының орынбасарлары (Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын - Ішкі әскерлер комитеті төрағасы орынбасарларын, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы орынбасарларын қоспағанда ) Министр Комитет төрағалары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары Министр Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссиямен
Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарлары - Ішкі әскерлер комитетті төрағасының орынбасарлары, Ішкі әскерлер Өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, Ішкі әскерлер Өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасарлары - штабтардың бастықтары Министр Президент Әкімшілігінің басшысымен
Ішкі әскерлер Өңірлік қолбасшылығы қолбасшыларының орынбасарлары, Ішкі әскерлер құрамаларының (бригадаларының) командирлері Министр Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Кадр жұмысы департаментімен
Министрліктің Аппарат басшысы Министр
Орталық аппарат департаменттерінің директорлары, бастықтары Министр Министрдің жетекшілік ететін орынбасары Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Министрдің кеңесшілері Министр Кадр жұмысы департаментінің бастығы Министрдің орынбасарларымен
Министрдің көмекшісі (режим бойынша) Министр Кадр жұмысы департаментінің бастығы Министрдің орынбасарларымен
Орталық аппарат департаменттері директорларының, бастықтарының орынбасарлары Министр Департаменттердің бастықтары Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Орталық аппараттың дербес басқармаларының бастықтары, басшылары Министр Кадр жұмысы департаментінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен
Штабтың өкілетті өңірлік инспекторлары Министр Штаб бастығы Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қырғыз Республикасы ІІМ-дегі өкілетті өкілі Министр Кадр жұмысы департаментінің бастығы Министрдің жедел жұмысқа жетекшілік ететін орынбасарымен
Ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары Министр Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Ішкі істер органдары кадр жұмысы бөліністері жеке құрам жөніндегі инспекцияларының барлық лауазымдары Министрмен Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығымен Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Қылмыстық-атқару жүйесінің өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары Министр Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі Министр Министрдің жедел қызметке жетекшілік ететін орынбасарымен Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Жедел жоспарлау департаментінің бастығымен
ІІМ академияларының бастықтары Министр Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссиямен
ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы Министр Кадр жұмысы департаменті Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен
ІІМ Ішкі әскерлер Әскери институтының бастығы Министр Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер; облыстар, Астана, Алматы қалалары және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары Министр Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссияменмен
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы Министр Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Министрдің әкімшілік полицияға жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің Емханасы бар орталық госпиталінің бастығы Министр Тыл департаментінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Жоғары оқу орындары бастықтарының орынбасарлары Министр Академиялардың, жоғары оқу орындарының бастықтары Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу институтының бастығы Министр ІІМ Қарағанды академиясының бастығы Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер; облыстар, Астана, Алматы қалалары және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменттері бастықтарының орынбасарлары Министр Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, және көліктегі ішкі істер департамент-терінің бастықтары, ҚАЖК төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД қалаларының, аудандарының, көліктегі ішкі істер желілік басқармаларының бастықтары Министр Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ІІД бастықтарымен Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД: криминалдық, әкімшілік полиция, есірткі бизнесіне қарсы күрес, экстремизмге қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, тергеу басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары Министр Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ІІД бастықтарымен Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, тиісті комитеттердің төрағаларымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Күзет» МКБ», «Қазақстан санаторийі», «Арқа санаторийі», «Арман санаторийі» акционерлік қоғамдарының президенттері Министр Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медиа-орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Министр Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Алатау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы Министр Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры Министр Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Министрдің есепке алу-бақылау номенклатурасы
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД-нің Кадр жұмысы, Көші-қон полициясы басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Министрмен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен, жетекшілік ететін қызмет бастықтарымен
Облыстардың ІІД қалалардың, аудандардың ішкі істер бөлімдерінің және көліктегі желілік ішкі істер бөлімдерінің бастықтары Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Министрмен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша ҚАЖ департаменттері тергеу изоляторының бастықтары, Арқалық қаласындағы №1 түрме бастығы ҚАЖК төрағасы Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Министрдің орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Министрдің орынбасарының номенклатурасы
Орталық аппараттың дербес басқармалары бастықтарының, басшыларының орынбасарлары Министрдің орынбасары Дербес басқармалардың бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Орталық аппарат басқармалары, комитеттерінің, департаменттерінің бастықтары Министрдің орынбасары Комитеттердің төрағалары, департаменттердің бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Орталық аппарат бастықтарының орынбасарлары, бөлімдерінің бастықтары, комитеттерінің, департаменттерінің, дербес басқармаларының орта, аға басшы құрамның барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасынан, ҚАЖ комитетінің, Жетінші департаменттің және «Р» департаментінің лауазымдарынан басқа) Министрдің орынбасары Орталық аппарат комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің, дербес басқармаларының бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің Емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары, бөлімшелерінің бастықтары, бас бухгалтері Министрдің орынбасары Тыл департаментінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы, департаменті бастығымен
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі бастығының орынбасарлары Министрдің орынбасары Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Академия институттарының (Қарағанды академиясы ғылыми-зерттеу институтынан басқа), магистратураның, факультеттердің бастықтары, Академия институттары бастықтарының орынбасарлары Министрдің орынбасары ІІМ Академиясының, жоғары оқу орындарының бастықтары Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Академиялар бастықтарының режим жөніндегі көмекшілері Министрдің орынбасары Академия бастығы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің және Екінші арнайы басқармасының бастықтарымен
ІІМ оқу орталықтарының бастықтары Министрдің орынбасары Кадр жұмысы департаментінің бастығы Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен
Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың вице-президенттері, бас директорының орынбасарлары, директорларының орынбасарлары, бастықтарының орынбасарлары, бас бухгалтерлері (ҚАЖК республикалық мемлекеттік кәсіпорындарынан басқасы) Министрдің орынбасары Акционерлік қоғамдардың президенттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бас директорлары және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Қаржымен қамтамасыз ету департаменттерінің бастықтарымен
Әскери-тергеу бөліністері офицерлік құрамының әскери қызметшілері Министрдің орынбасары Тергеу комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының барлық орта және аға басшы құрамы (Министрдің номенклатурасынан басқа) Министрдің орынбасары «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің барлық орта және аға басшы құрамы (Министрдің номенклатурасынан басқа) Министрдің орынбасары Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы Министрдің орынбасары Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ Кинологиялық орталығының барлық орта және аға басшы құрамы Министрдің орынбасары ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасымен және Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Министрдің орынбасары Тыл департаментінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің барлық орта және аға басшы құрамы Министрдің орынбасары ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Тыл департамент-терінің бастықтарымен
ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базалары» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары Министрдің орынбасары Тыл департаментінің бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базалары» мемлекеттік мекемелерінің барлық орта және аға басшы құрамы Министрдің орынбасары Бөліністердің бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және Тыл департаменттерінің бастықтарымен
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесінің бастығы және бастығының орынбасарлары Министрдің орынбасары Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаменті бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастықтары; ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері Министрдің орынбасары Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының, «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастықтарының орынбасарлары; ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері командирлерінің орынбасары Министрдің орынбасары «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары, ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, директордың орынбасары Министрдің орынбасары Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Бас сарапшыдан бастап комитеттер басқармаларының басшыларына дейінгі әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттары (Министрдің және ҚАЖК төрағасы номенклатурасынан басқа) Министрдің орынбасары Бөліністердің бастықтары Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ Орталық аппаратының ғимараттарына қызмет көрсету жөніндегі штаттан тыс қызметкерлер Министрдің қаржы-шаруашылық қызметтеріне жетекшілік ететін орынбасары Тыл департаментінің бастығы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасы
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, және көліктегі ІІД-нің штабтары, анықтау, жедел-криминалистикалық, техникалық қызмет, жедел жоспарлау, ақпараттық-аналитикалық орталық, қаржы, тылдық қамтамасыз ету, мемлекеттік күзет қызметі басқармаларының (бөлімдерінің), бастықтары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен және жетекшілік ететін қызметтердің бастықтарымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД қалаларының ішкі істер басқармалары бастықтарының орынбасарлары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен және жетекшілік ететін қызметтердің бастықтарымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармалары бастықтарының орынбасарлары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД-нің екінші арнайы бөліністерінің бастықтары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің және Екінші арнайы басқармасының бастықтарымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД тіркеу-емтихан жұмыс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) бастықтары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы ІІД жол-патрульдік полициясы полктерінің, баталондарының командирлері Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің командирі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Жедел жоспарлау және Кадр жұмысы департаменттерінің бастықтарымен
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІМ-нің жоғары оқу орындарының, кадр жұмысы бөлімдерінің; кафедраларының, оқу орталықтарының бастықтары ІІМ жоғары оқу орындарының бастықтары Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша ҚАЖ департаменттері мекемелерінің бастықтары (Министрдің есепке алу-бақылау номенклатурасынан басқа) ҚАЖК төрағасы ҚАЖД бастығы Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ҚАЖК-нің «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының директорлары ҚАЖК төрағасы ҚАЖК төрағасының орынбасары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІД оқу орталықтарының бастықтары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД бастықтары Министрдің кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІД оқу орталықтары бастықтарының орынбасарлары ІІМ оқу орындарының бастықтары Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ІІД бастығының ұйымдастырушылық-штаттық жұмысы жөніндегі көмекшілері Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД бастықтары Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының номенклатурасы
ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің орта және аға басшы құрамының барлық лауазымдары (Министрдің және министрдің орынбасарының номенклатураларынан басқа) Комитет төрағасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен, Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасарымен
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесінің орта, аға басшы құрамының барлық лауазымдары (министрдің орынбасарының номенклатурасынан басқа) Комитет төрағасы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) бастығы Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Бөлімдердің, бөлімшелердің, штабтардың, кезекші бөлімдердің бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелері (жеке) батальондарының, ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету, үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирлері Комитет төрағасы Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының, облыстарының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастықтары, ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері командирлері Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының номенклатурасы
ҚАЖК орта және аға басшы құрамының барлық лауазымдары (Министрдің және министрдің орынбасарының номенклатураларынан басқа) Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен
ҚАЖК Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы департаментінің бастығымен
ҚАЖК-нің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің, ерікті жалданушы құрамының барлық лауазымдары Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық бөліністерінің бастықтары (бастықтың міндетін атқарушы бас сарапшылар) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен
ҚАЖК-нің «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының директорларының орынбасарлары, бас бухгалтерлері ҚАЖК төрағасы Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының бас директорлары Министрдің жетекшілік ететін орынбасарымен, Кадр жұмысы және қаржымен қамтамасыз ету департаменттерінің бастықтарымен
Кадр жұмысы департаменті бастығының номенклатурасы
Орталық аппарат комитеттерінің, департаменттерінің, дербес басқармаларының ерікті жалданушы, қатардағы және кіші басшы құрамының, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің барлық лауазымдары, ІІМ әскери-тергеу бөліністері сержанттық құрамының әскери қызметшілері (Министрдің, министрдің орынбасарының, ҚАЖК төрағасының номенклатураларын қоспағанда) Кадр жұмысы департаментінің бастығы Комитеттердің төрағалары, бөліністердің бастықтары
Емханасы бар орталық госпиталь бастығының номенклатурасы
Дәрігерлер Емханасы бар орталық госпиталь бастығы Емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары Кадр жұмысы және Тыл департаменттерінің бастықтарымен
Ерікті жалданушы құрамның барлық лауазымдары Емханасы бар орталық госпиталь бастығы Емханасы бар орталық госпиталь бастығының орынбасары Тыл департаментінің бастығымен
Жетінші департаменттің барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасын қоспағанда) ( құпия)
«Р» басқармасының барлық лауазымдары (Министрдің номенклатурасын қоспағанда) ( құпия)
Ескертпе:
қатардағы және басшы құрамның барлық қалған лауазымдары, сонымен қатар тізілімде көрсетілмеген ерікті жалданушы құрам, штаттық кестеге сәйкес Жетінші департаменттің, «Р» департаменттің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ІІД-нің, ІІМ оқу орындары бастықтарының, ІІМ-нің «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, облыстардың, Астана, Алматы, Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының» (Астана қаласы) мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың, ІІМ-нің «Солтүстік» және «Оңтүстік» Әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелері бастықтары; Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі мен Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі командирлерінің номенклатурасына кіреді.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 690 бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының  тізбесі
1. «Лауазымдар номенклатурасын және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату тәртібін бекіту туралы» 2011 жылғы 10 мамырдағы № 205 бұйрығы;
2. «Лауазымдар номенклатурасын және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату тәртібін бекіту туралы» 2011 жылғы 10 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 тамыздағы № 381 бұйрығы;
3. «Лауазымдар номенклатурасын және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату тәртібін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 тамыздағы № 402 бұйрығы;
4. «Лауазымдар номенклатурасын және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату тәртібін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 шілдедегі № 397 бұйрығы;
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комиттетерінің, департаменттерінің және дербес басқармаларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығы және «Лауазымдар номенклатурасын және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 тамыздағы № 525 бұйрығының 1-тармағы.