• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 96 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары 
4. Комиссияның негізгі міндеті:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетілдіру;
2) әкімшілік кедергілерді төмендету, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік органдардың заңсыз қысымын жою;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) Комиссияның жұмыс топтарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Комиссия жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тікелей немесе жанама әсер ететін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тұжырымдамалық тәсілдемеге;
2) әкімшілік кедергілерді төмендетуге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларға;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау құралдарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.
3. Комиссияның құқықтары 
6. Комиссия бекітілген тәртіппен және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) отырыстарда Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) жұмыс топтарын құруға;
6) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 
7. Комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының жұмыс жоспары және оның күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттаманы ресімдейді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
11. Жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы бекітеді.
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
13. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.
14. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу, не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауапты жібереді.
15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның қызметін тоқтату 
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 96 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.07.2014 жылғы № 785 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2014 жылғы № 1387 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.03.2017 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасьшың Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Құрам жолмен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.03.2017 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес