• Мое избранное
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9249 тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 16.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы     Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасындағы банк операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттері арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1. Қағидалармен реттелмеген бөлігінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер мен төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.
Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес (20.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен) – бірінші санатты;
2) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз) – екінші санатты лицензияға ие болады.
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтік бағаларынан бөлек, сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын мойындайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 262 Қаулысына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.
Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізген кезде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.
7. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер үлестес тұлғалардың есебін жүргізеді.
8. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 жылғы № 165 Қаулымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес (20.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.06.2023 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (12.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар түсініледі:
  • 1
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;
орталық депозитарий мәртебесі бар ұйым, осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;
заңды тұлға ретінде тіркелген елдің заңнамасына сәйкес Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйым:
осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;
осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қадағалау саласындағы уәкілетті орган мен осы шетелдік қадағалау органы арасында ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім бар;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады, немесе мынадай бір немесе бірнеше халықаралық қаржы қауымдастығына мүшелігі бар: Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ICMA), Валюта және ақша нарықтары кәсібилерінің халықаралық қауымдастығы (ACI the Financial Markets Association), Еуропа қаржы нарықтарының қауымдастығы (AFME), немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тіркелген болып табылады.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 жылғы № 98 Қаулысымен (03.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 25 Қаулысымен (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 150 Қаулысымен (27.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 25 Қаулысымен (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:
1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);
2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);
3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.
12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 жылғы № 110 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде, бірінші басшыны қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғасының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет және брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет мәселелеріне бір мезгілде жетекшілік етуіне жол берілмейді.
Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің қызметкерлерімен жасасатын еңбек шартында немесе өзге де келісімде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 29-бабының 2-тармағына сәйкес брокер және (немесе) дилер қызметкерінің валюталық және қор нарықтарында мәмілелер жасау саласында, оның ішінде сенімхат бойынша қызметті жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға агенттік қызметтерді ұсынбауынан көрінетін бейбәсекелестік туралы талап көзделеді.
12-1. Брокер және (немесе) дилер өз қызметкерлерінің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түрімен байланысты лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде олардың клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) контрагенттермен және телефон байланысы құралдарын, электрондық поштаны, бейнеконференцбайланысты немесе нақты уақыт режимінде мәтіндік (дыбыстық) хабарламалармен алмасу жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді, брокердің және (немесе) дилердің атына тіркелген абоненттік нөмірлерін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын және (немесе) домендік мекенжайларын пайдалана отырып, сондай-ақ Bloomberg, Reuters ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі – корпоративтік байланыс) пайдалана отырып қамтамасыз етеді.
Осы Қағидалар 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.04.2021 жылдан бастап)
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген байланыс құралдарын брокер және (немесе) дилер қызметкерлерінің клиенттермен, оның ішінде әлеуетті клиенттермен және (немесе) қызметкерлердің брокердің және (немесе) дилердің лицензияланатын қызмет түріне байланысты өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде туындайтын және (немесе) қолдау көрсетілетін контрагенттермен пайдалануға жол берілмейді.
Брокер және (немесе) дилер корпоративтік байланыс құралдары арқылы алынатын және берілетін ақпараттың жазылуын, сақталуын, конфиденциалдылығын және өзгермеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Екінші санатты брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы олар Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 55-бабына және осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындалады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 202 Қаулысына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 25 Қаулысымен (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды