• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің милиция генерал-майорының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығы

Редакция 16.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1 және 57-баптарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясы құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясының құрамы (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулық (2-қосымша);
3) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы үлгі үлгі нұсқаулық (3-қосымша) бекітілсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бастықтары:
1) Тәртіптік комиссиялар құрсын;
2) Тәртіптік комиссиялардың құрамы мен оларды құру және жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықтарды бекітсін.
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы № 290 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А. Жансейітов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 314 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің милиция генерал-майорының 06.10.2011 жылғы № 529 Бұйрығымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2013 жылғы № 191 Бұйрығымен (06.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.03.2014 жылғы № 140 Бұйрығымен (18.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясының құрамы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, төраға.
2. ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы.
3. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы.
4. ІІМ Штаб-департаментінің бастығы.
5. ІІМ Заң департаментінің директоры.
6. ІІМ Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлері ардагерлерінің Қазақстандық Кеңесінің төрағасы.
7. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкері, хатшы.
7-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 жылғы № 348 Бұйрығымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ескертпе
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болмаған кезде ІІМ Тәртіптік комиссиясы төрағасының міндеттерін орындау қызмет бойынша бір бірін ауыстыратын Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктеледі.
ІІМ Тәртіптік комиссиясының мүшесі болмаған кезде оны лауазым бойынша оның міндеттерін атқаратын қызметкер ауыстырады.
Шектеулі рұқсат етілген материалдар бойынша қызметтік тергеулердің қорытындыларын қарау жағдайында Комиссия хатшысы бастамашыл қызметтің қызметкері болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 314 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы
нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясының функцияларын, өкілеттігін, қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкіістер министрлігінің Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - теріс қылықты жасау мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамға тәртіптік жазалау шаралары туралы ұсыным шығару мақсатында тәртіптік теріс қылыққа қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарайтын және фактілерді зерттейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) тұрақты алқалы органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Нұсқаулыққа, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия Министрліктің орталық аппараты бөліністерінің, комитеттерінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, білім беру ұйымдарының, дербес бөліністердің және Министрліктің өзге де республикалық ұйымдарының лауазымды адамдарына (бұдан әрі - ішкі істер органдарының лауазымды адамдары) қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарайды.
4. Өзіндік қауіпсіздік департаментінің өкілі Комиссияның хатшысы болып табылады. Рұқсаты шектеулі (құпия және т.б.) материалдар бойынша қызметтік тергеу қорытындыларын қараған жағдайда бастамашыл қызметтің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 жылғы № 348 Бұйрығымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия жұмысының материалдары Өзіндік қауіпсіздік департаментінде, ал рұқсаты шектеулі материалдар бастамашыл қызметте сақталады.
5. Комиссия мүшесінің оның жақын туысы немесе жекжаттары* болатын ішкі істер органының лауазымды адамына, сондай-ақ осы зерттеуге тікелей немесе жанама мүдделі болған жағдайда, оған қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатысуға құқығы жоқ.
______________________________
* Лауазымды адамдардың ағалары, апалары (әпкелері), ата-аналары және ерлі-зайыптылардың балалары жекжаттары болып табылады.
6.Комиссия қызметтік тергеу материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді, оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген ішкі істер органының лауазымды адамының түсініктемелерін тыңдайды. Комиссияның қызметтік дәрежесіне қарамастан, куәгерлерді тыңдауға және теріс қылыққа қатысты кез-келген фактілерді зерттеуге құқығы бар.
7. Теріс қылықты жасағанын растайтын фактілер болған кезде Комиссия жаза салудың мақсатқа сай болуы және оның түрі туралы ұсыным шығарады.
8. Комиссияның ұсынымдары ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері өзінің пікірін айтуға және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға міндетті.
9. Отырыс өткізу күнін Төраға айқындайды және Өзіндік қауіпсіздік департаменті арқылы басқа мүшелерге және Комиссияда қаралатын ішкі істер органы лауазымды адамының назарына жеткізіледі.
9-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 16.06.2014 жылғы № 348 Бұйрығымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тәртіптік жазаларды салу негіздері мен шарттары, қызметтік тергеу жүргізу тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі істер органдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. Хаттаманы хатшы жүргізеді, шешімді Комиссия төрағасы бекітеді.
2. Шешімдер шығару және жаза салу тәртібі
11. Тәртіптік жаза салуға құқығы бар Министрлік басшылығы өз еркімен немесе Комиссия ұсынымдарының негізінде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) тиісті жаза салады;
2) материалдарды қосымша қызметтік тергеуге жолдайды;
3) жаза салмайды.
12. Жазаға тартылған адамға қабылданған шешім туралы үш күн мерзімде (қол қойдырып) кадр қызметі хабарлайды.
13. Жаза қолдану мақсатқа сай болмаған жағдайда тәртіптік жаза салуға құқығы бар Министрлік басшылығы тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ішкі істер органының лауазымды адамынескертумен шектелуі мүмкін.
14. Комиссияға қандай да бір қысым көрсетуге және оның қызметіне араласуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 314 бұйрығына
3-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының Тәртіптік комиссиясынқұру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы үлгі нұсқаулық
Осы Үлгі нұсқаулық облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары Тәртіптік комиссиясының функцияларын, өкілеттігін, қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жәнекөліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - теріс қылықты жасау мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар адамға тәртіптікжазалау шаралары туралы ұсыным шығару мақсатында тәртіптік теріс қылыққа қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарайтын және фактілерді зерттейтін облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының тұрақты алқалы органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Үлгі нұсқаулыққа, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия ІІД, КІІД, білім беру ұйымдарының және өзге де ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына (бұдан әрі - ішкі істер органдарының лауазымды адамдары) қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарайды.
4. Кадр жұмысы басқармасының өкілі Комиссияның хатшысы болып табылады. Рұқсаты шектеулі (құпия және т.б.) материалдары бойынша қызметтік тергеу қорытындыларын қараған жағдайда бастамашыл қызметтің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
Комиссия жұмысының материалдары кадр жұмысы қызметінде, ал рұқсаты шектеулі материалдары бастамашыл қызметте сақталады.
5. Комиссия мүшесінің оның жақын туысы немесе жекжаттары* болатын ішкі істер органының лауазымды адамына, сондай-ақ осы зерттеуге тікелей немесе жанама мүдделі болған жағдайда, оған қатысты қызметтік тергеу материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатысуға құқығы жоқ.
6. Комиссия қызметтік тергеу материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді, оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген ішкі істер органының лауазымды адамының түсініктемелерін тыңдайды. Комиссияның қызметтік дәрежесіне қарамастан, куәгерлерді тыңдауға және теріс қылыққа қатысты кез-келген фактілерді зерттеуге құқығы бар.
7. Теріс қылықты жасағанын растайтын фактілер болған кезде Комиссия жаза салудың мақсатқа сай болуы және оның түрі туралы ұсыным шығарады.
8. Комиссияның ұсынымдары ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері өзінің пікірін айтуға және дауыс беру кезінде қалыс қалмауға міндетті.
9. Отырыс өткізу күнін Төраға айқындайды және кадр қызметі арқылы басқа мүшелерге және Комиссияда қаралатын ішкі істер органы лауазымды адамының назарына жеткізіледі.
10. Тәртіптік жазаларды салу негіздері мен шарттары, қызметтік тергеу жүргізу тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және ішкі істер органдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. Хаттаманы хатшы жүргізеді, шешімді Комиссия төрағасы бекітеді.
2. Шешімдер шығару және жаза салу тәртібі
11. Тәртіптік жаза салуға құқығы бар ІІД, КІІД, білімберу ұйымдарының басшысы өз еркімен немесе Комиссия ұсынымдарының негізінде мынадай шешімдер қабылдайды:
1) тиісті жаза салады;
2) материалдарды қосымша қызметтік тергеуге жолдайды;
3) жаза салмайды.
12. Жазаға тартылған адам қабылданған шешім туралы үш күн мерзімде (қол қойдырып) кадр қызметі хабарлайды.
13. Жаза қолдану мақсатқа сай болмаған жағдайда тәртіптік жаза салуға құқығы бар ІІД, КІІД, білім беру ұйымдарының басшылығы тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ішкі істер органының лауазымдық адамын ескертумен шектелуі мүмкін.
14. Комиссияға қандай да бір қысым көрсетуге және оның қызметіне араласуға тыйым салынады.