• Мое избранное
"Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.07.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 сәуірдегі № 9362 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 26 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 01.06.2015 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1). осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5-тармақша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерді орындауы кезінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6-тармақша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
7-тармақша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Телеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
  • 2
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды, қағаз жүзінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіде – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Министрлік болып табылатын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – жұмыс органы) жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
ХҚО-да – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
порталда – уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органынажеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
Атау өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Министрлік жыл сайын бекітетін құжаттарды қабылдау мерзімдерінде қажетті құжаттармен бірге беретін өтініші немесе ХҚО-ға не портал арқылы электронды сұраныстың болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
5-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушінің портал немесе ХҚО арқылы тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін не сұранысын қарауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы;
4) құжаттар конкурсқа қатысудың шарттары мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қолхат/электронды хабарлама ресімдеу және беру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің «еБолашақ» КАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты енгізуі және тіркеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысуға рұқсат немесе жеке тәртіпте қарау үшін жұмыс органына құжаттарын жіберу туралы қолхат/электронды хабарлама беріледі.
6. Келесі рәсімдерді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:
6-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар қабылдау;
2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікте жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат дайындау;
3) конкурсқа қатысуға жіберу туралы немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікте жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат беру.
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Атау өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті қызметкеріқатысады.
8. ХҚО-ға өтініш жасау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы. Орталықта көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 25.06.2014 жылғы № 245 Бұйрығымен (19.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ХҚКО арқылы қадамдық әрекет пен шешімдер (№ 1 диаграмма) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген орны бойынша ХҚО-ға өтініш жасайды.