• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.05.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 2-2/425 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.01.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Аталған Жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшесі олардың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2011 жылғы 6 мамырдағы № 09-2/244
 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстан Республикасындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жоспар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2013 жылғы № 12-1/110 Бұйрығымен (06.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2014 жылғы № 2-2/310 Бұйрығымен (12.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.01.2015 жылғы № 2-2/24 Бұйрығына сәйкес (19.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)

р/с

СБ тармақтары

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау және ақпаратты ұсыну мерзімі

1

2

Лицензияланатын қызмет түрлерін және мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыруға лицензияларды алу және рұқсат беру тәртібін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру

ҰЭМ-не ақпарат

МҚДАТД (жинақтау), мүдделі құрылымдық бөлімшелер

Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей

2

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында мемлекеттік органдардағы автоматтандырылған деректер базасын біріздендіру және дамыту

МҚІСҚА-не ақпарат

МҚДАТД (жинақтау), құрылымдық бөлімшелер

Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей

3

9

Бұқаралық ақпарат құралдарында шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша медиа жоспарларды бекіту, ИДМ-не ақпарат

ІАБД (жинақтау), ҚББ,

КӘҚЕД,

барлық құрылымдық бөлімшелер

Жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірмей

4

10

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу

Интернет конференциялар, «тікелей желілер», ИДМ-не ақпарат

ҚББ (жинақтау) мүдделі құрылымдық бөлімшелер

Тұрақты

5

18

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

МҚІСҚА-не ақпарат

КӘҚЕД (жинақтау), ІАБД

комитеттер

Жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей

6

22

Мемлекеттік органдар басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

МҚІСҚА-не ақпарат

ҚББ

Есепті жылдың 20 маусымынан және келесі есепті жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей

Кездесулер

ӨШӨӨҚӨФҚД

МД

ИСҚҚД

ЭИААТНД

ВТҚД

АӨК ҒКҚД

АӨК МИК

ВБҚК СРК ОШЖДК

Тұрақты

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі;
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;
МҚДАТД - Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті;
ІАБД - Ішкі аудит және бақылау департаменті;
СЖТД - Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті;
КӘҚЕД - Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті;
АӨК ҒКҚЕД - АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті;
ӨШӨӨҚӨФҚД - Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті;
ҚББ - Қоғаммен байланыс басқармасы;
ВТҚД - Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті;
ЭИААТНД - Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті;
ИСҚКД - Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті;
СБРД - Су және биологиялық ресурстары департаменті;
АӨК МИК - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
ВБҚК - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
СРК - Су ресурстары комитеті;
ОШЖДК - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.