• Мое избранное
Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 455 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2015 жылғы № 993 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 23.07.2014 жылғы № 279 Бұйрығымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдардың топтары бекітілсін.
2 «Энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 61 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті осы бұйрықты энергия өндіруші ұйымдарға жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірінші вице-министр А. Рау
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа технологиялар
 бірінші вице-министрінің
 2010 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 455 бұйрығына қосымша
Энергия өндіруші ұйымдардың топтары
Топтар өзгертілді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 28.10.2011 жылғы № 393 Бұйрығымен (28.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Топтар өзгертілді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 23.07.2014 жылғы № 279 Бұйрығымен (28.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
  

Топтар

Энергия өндіруші ұйымдардың атауы

1-топ

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС,

«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ,

«Еуразиялық энергетика корпорациясы» АКДАксу МАЭС)

2-топ

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ

3-топ

«Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1,2),

«Қарағанды Энергоцентр» ЖШС

«Павлодарэнерго» АҚ (Павлодар ЖЭО-2,3),

«AES Өскемен ЖЭО» ЖШС,

«Миттал Стил Теміртау» АҚ-тын, ЖЭО-2

4-топ

Қазақмыс коропорациясының Қарағанды МАЭС-2, «Қазақстан Алюминийі» АҚ (Павлодар ЖЭО-1), Қазақмыс корпорациясының Балқаш ЖЭО,

Қазақмыс корпорациясының Жезқазған ЖЭО

5-топ

«СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС,

«Риддер ЖЭО» АҚ,

«Соколов-Сарыбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-тың ЖЭО

6-топ

«AES Согра ЖЭО» ЖШС,

«Bassel group LLS» (Қарағанды МАЭС-1).

«Джет-7» ЖШС (Степногорск ЖЭО)

7-топ

«З-Энергоорталық» (Шымкент ЖЭО-3) АҚ

«Атырау ЖЭО» АҚ,

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ,

«Таразэнергоорталық» АҚ,

«Қызылорда энергоорталық» МКК

8-топ

Кентау ЖЭО,

«Қазмырыш» АҚ (Текелі ЖЭО)

«Шахтинск ЖЭО» ЖШС,

«Павлодарэнерго» АҚ

«Теплокоммунэнерго» МКК

9-топ

Арқалық ЖЭО,

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» ГКП,

«Жайықжылуэнерго» АҚ

10-топ

«Алматы электр станциялары» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай СЭС) Каскад СЭС

11-топ

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

12-топ

«Жаңажол ГТЭС» ЖШС,

«Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ ЖЭО (Актурбо)

«Кристалл Менеджмент» ЖШС

13-топ

«Қазмырыш» АҚ Бұқтырма СЭС,

«AES Өскемен СЭС» ЖШС,

«AES Шүлбі СЭС» ЖШС,

«Шардара СЭС» АҚ

«Мойнақ су электр станциясы» АҚ

14 - топ

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС