• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 14-қосымша

14-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеуді жүргізуді нақтылайды.
2. Маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеуді бонитерлер-сыныптаушылар жүргізеді.
2-тарау. Маралдарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Маралдардың бұқалары мен аталық маралдарды панталарды кесу кезеңінде мамыр-шілде айларында бонитирлейді, оларды конституциясының беріктігі, сырт бітімі, тірідей салмағы және жаңа кесілген пантаның, кейіннен консервіленген пантаның салмағы мен сапсы бойынша және дайын панталардың шығымы бойынша бағалайды.
4. Маралдардың бұқаларын бонитирлеуді жыл сайын панталарды кесу кезеңінде маусым-шілде айларында жүргізеді; жас маралдарды енесінен айырғаннан кейін, қараша-желтоқсан айларында мал басын қыстауға қойған кезде 16-18 айлық жаста бонитирлейді.
5. Панталы бұғы шаруашылығында жастық-жыныстық топтар бөлінісінде жануарлар атауларының бірыңғай номенклатурасын пайдаланады: төлі, жас маралдар, аталық маралдар, ұрғашы жас маралдар, маралдардың бұқалары және аналық маралдар. Жас маралдар арасында еркектер (сайкалар) мен ұрғашыларды (саюшкалар) бөледі.
Жастары бойынша топтар мынадай болып бөлінеді:
төл - туылғаннан 6 айға дейін;
жас маралдар-6 айдан 1,5 жасқа дейін;
аталық маралдар мен ұрғашы жас маралдар -1,5 жастан 2,5 жасқа дейін,
маралдардың бұқалары және аналық маралдар - 2,5 жастан ересектер.
6. Маралдардың бұқаларының сырт бітімі мен конституциясын бағалауды жыл сайын жалпы бонитирлеу уақытында жүргізеді.
7. Конституциясы мен сырт бітімін бағалауды бес балдық шәкілмен жүргізеді. Жеке бөліктері қажетті типке сәйкес келуі керек: маралдардың бұқаларында-жыныстық диморфизмының көрінуіне: қуатты кеудесіне, арқасына, белінің және артқы аяқтарының мықтылығына, ең бастысы пантасының пішіні мен дамуына.
8. Осы бөліктерде кемшіліктер болмаған жағдайда маралдардың бұқаларына «бес» деген баға беріледі. Кемшіліктер табылған жағдайда баға 1 балға төмендейді.
9. Қуатты, алты ұшына дейін жуан діңгекті, бөліну тереңдігі 8 см-ден аспайтын панталарды дамытуға жол беріледі. Панталардың құрылысы дұрыс болуы, жеткілікті жуан діңгектері және жақсы дамыған көз үстіндегі, қатты және орташа өсінділер болуы қажет. Артық өсінділер мен айтарлықтай шорлар болмауы керек.
10. Маралдардың бұқаларын бонитирлеу деректері бойынша 4 сыныпқа бөледі: элита, бірінші, екінші және үшінші.
1) элита сыныбына конституциясы берік және сырт бітімі өте жақсы, дене салмағы, пантасының үлкендігі мен сапасы бойынша ең жақсы жануарлар жатады. Пантасы жуан, қуатты діңгекті және көз үсті, қатты және орташа өсінділері қалыпты дамыған болу керек; артық өсінділер мен айтарлықтай шорлар болмау керек.
2) бірінші сыныпқа конституциясы берік, жеткілікті мөлшерде және жақсы сапада панта беретін, елеулі кемшіліктері жоқ қалыпты дамыған жануарлар жатқызылады.
Панталардың мынадай кемшіліктеріне жол беріледі:
көз үстіндегі немесе қатты өсінділерінің аздап дамымауы;
бір өсіндінің болмауы;
артық өсінділердің және болмашы шорлардың болуы.
3) екінші сыныпқа панталарының салмағы өте аз, бірінші сыныптың стандарттына сәйкес келетін, бірақ конституциясы әлсіз және сырт бітімі немесе панта құрылысында: сүйектерінің жіңішкелігі, еркек тұрпатының жеткілікті айқын еместігі, түлеудің кешігуі, панталардың әлсіреуі, көз үсті және қатты өсінділердің жеткіліксіз дамуы сияқты елеулі кемшіліктері бар жануарлар жатқызылады.
4) үшінші сыныпқа (сырт бітіміне байланыссыз) панталарының салмағы аз немесе олардың құрылысында кемістігі: (кескінсіздік, 3 немесе 4 өсіндінің жоқ болуы) бар барлық жануарларды жатқызады.
11. Маралдардың сыныптарын анықтау үшін осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес маралдардың бұқалары мен аталық маралдардың сыныбын айқындау үшін ең аз шарттар қолданылады.
12. Маралдардың бұқаларының панта құрлысындағы кемшіліктер тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес Маралдардың бұқаларының панта құрлысындағы кемшіліктер тізбесі бойынша анықталады.
13. Панталардың дамуы өлшемдерді алу негізінде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес Маралдың панталарын өлшеу тізбесі бойынша айқындалады.
14. Өлшемдерді дұрыс және пропорционалды құрылысы бар тек бір пантадан (бір жұбынан) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес Марал пантасы өлшемдерінің схемасы бойынша алады.
15. Маралдардың сырт бітімі мен конституциясы бойынша бағалау төмендетілетін дене бітімінің кемшіліктері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген.
16. Бонитирлеу деректері бойынша «сайкаларды» 4 сыныпқа бөледі: элита, бірінші, екінші және үшінші.
1) элита сыныбына - сау, аса ірі, конституциясы берік, еркектік дене бітімінің тұрпаты анық байқалатын, екі немесе дан көп өсіндісі бар мүйіз-сүмбісі «шпилька» (ұзындығы 41 см. және одан да көп ) жақсы жетілген жануар жатады.
2) бірінші сыныпқа - сау, ірі, конституциясы берік, жақсы жетілген бірақ өсіндісі жоқ, мүйіз-сүмбісінің «шпилькасы» 31-40 см аталық маралдар жатқызылады.
3) екінші сыныпқа - аса үлкен емес, конституциясы әлсіз, мүйіз-сүмбісінің «шпилькасы» орташа көлемді (21-30см) жануар жатқызылады.
4) үшінші сыныпқа - конституциясы әлсіз, мүйіз-сүмбісінің «шпилькасы» ұзындығы 20 см кем, жетілмеген немесе айқын емес ұсақ жануарлар жатқызылады.
17. Мүйіз-сүмбісі «шпилькасының» көлемі мен пішінін бағалау үшін ұзындығы мен қалыңдығынан 2 өлшем алынады. Ұзындығы сүмбі «шпилькасының» түбінен оның басына дейін алынады (стақан тәріздінің биіктігі өлшемге кірмейді), «шпилька» орамының қалыңдығы оның түбінен 5-7 см жерден алынады.
18. Ағымдағы жылы туылған төлдерді күзде енелерінен айыру кезеңінде мал басын қыстауға қойған кезде бонитирлейді. Осы уақытта енелерінен ерте ажыратылған ( күйлеуге дейін) төлдерді де бонитирлеуді жүргізеді.
19. Төл физиологиялық дамуы, констиуциясының беріктігі және тірідей салмағы бойынша бағаланады.
20. Аналық маралдарды бонитирлеуді қараша-желтоқсан айларында күйлету аяқталғаннан кейін жүргізеді және 4 сыныпқа бөледі:
элита сыныбына конституциясы берік және сырт бітімі жақсы, көлемі жағынан өте жақсы және тірідей салмағы 210 (екі жүз он) кг және одан артық жануарларды жатқызады.
Бірінші сыныпқа қалыпты дамыған, конституциясы берік және сырт бітімі жақсы, тірідей салмағы 185 (жүз сексен бес) - 209 (екі жұз алты) кг шегінде, дене бітімінде кемістігі жоқ жануарларды жатқызады.
Екінші сыныпқа тірідей салмағы барынша аз 170 (жүз жетпіс) -184 (жүз сексен төрт) кг, конституциясы әлсіз және сырт бітімінде бірқатар кемістігі бар жануарларды жатқызады.
Үшінші сыныпқа сырт бітіміне қарамастан тірідей салмағы өте төмен (ISO-IBS кг) аналықтар жатқызылады.
3-тарау. Теңбіл бұғыларды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
21. Теңбіл бұғылардың бұқаларын және аталықтарын жыл сайын панталарды кесу кезеңінде мамыр-шілде айларында бонитирлейді, оларды сыртқы түрі, конституциясының беріктігі, сырт бітімі, жануардың тірідей салмағы, панталардың құрылысы, пішіні және сапасы, олардың жаңа кесілген түріндегі салмағы бойынша бонитирлейді.
22. Үш ұшына дейін жуан діңгекті, бөліну тереңдігі 8 см-ден аспайтын дамыған, мықты панталардың болуына жол беріледі.
23. Панталардың өлшемдері үлкен, құрылысы дұрыс симметриялы, қоңыр немесе құм түсті барқыт тәрізді біркелкі түк жабыны, жуан діңгекті, жақсы дамыған, көзүсті өсінділері жоғары қойылған болу керек. Панталарды және олардың дамуын бағалау үшін осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес теңбіл бұғы пантасы өлшемдерінің схемасы пайдаланылады.