Bestprofi Logo

Бұйрық № 373 от 2015-05-22г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 08.11.2020 г.

Документ на казахском языке

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-112/2020 Бұйрығына сәйкес

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабы, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен бекітілген

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары

1. Осы Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының, 5-тармағына сәйкес әзірленді және рецептілерді жазу, есепке алу және сақтаудың тәртібін айқындайды.

2. Рецептілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша бланкілерде тиісті медициналық көрсетілімдер бар болған кезде өз құзыреті шегінде, амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалтушы немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қағаз және (немесе) электрондық түрде жазып береді.

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Қағаз нысанындағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.

3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Электронды нысандағы рецептілер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолымен расталады.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептілер амбулаториялық деңгейде автоматтандырылған жүйеде электрондық түрде жазылады, есепке алынады және мониторинг жүргізіледі.

4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Электронды форматта рецептілерді жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда рецептілерді жазу қағаз нысанда жүзеге асырылады.

4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті шартта алуға рецептілер медициналық ұйымның бұйрығымен айқындалған уәкілетті тұлғаның қолы қосымша қойылады және «Рецептілер үшін» деген денсаулық сақтау ұйымының мөрімен немесе уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен расталады.

4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өз қолымен және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен немесе электрондық-цифрлық қолмен растайды.

4-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Фельдшерлік-акушерлік пункттерінің меңгерушісі тегін және жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға рецептіні өзінің қолымен және фельдшерлік-акушерлік пунттің мөрімен растайды.

5. Ауылдық елді мекендерде дәрігерлер болмаған жағдайда рецептілерді науқастарға амбулатоиялық қабылдауды жүргізетін орта медицина қызметкері жазады.

6. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

7. Рецептілер науқастың жас шамасы және дәрілік заттардың құрамына кіретін ингридиенттердің әсерінің сипаты ескеріліп жазылады.

8. Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында белгіленеді.

9. Рецептілер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецептілер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен («Белгілі», «Ішке қолдануға», «Сыртқа қолдануға») шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.

9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қатты шашылатын заттар граммен (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар – миллилитрлерде, грамдарда және тамшы дәріде жазылып беріледі.

10. Рецептіде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негізгі рецептуралық қысқартулар қолданылады.

10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

11. Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол бар дәрілік заттардың бір атауы, ал қалған дәрілік заттардың – кемінде екі атауы көрсетіледі.

11-1. Рецептіде көрсетілген препараттың біреуі болмаған жағдайда немесе препараттың толық емес қаптамасы босатылған жағдайда дәріханада рецепттің көшірмесі қалдырылады немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фармацевтика қызметкері жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналына енгізеді. Фармацевт рецептінің артқы жағына босатылған препараттың санын көрсетеді.

Осы Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

12. Жоғары бір реттік дозадан асатын дозадағы дәрілік затты жазу кезінде дәрігер рецептіде дәрілік заттың дозасын жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер бұл талаптарды сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылған дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік дозаның жартысын босатады.

13. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ғана қолданылатын дәрілік заттарға рецептілер жазылмайды.

14. Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.

14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

15. Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.

15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

16. Осы Қағидаларға 11-тармақта көрсетілген дәрілік заттарды алуға рецептілерді жазған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.

17. Рецептілерді, оның ішінде ТМККК шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған қағаз түріндегі рецептілерді сақтау мерзімі 1 жылды құрайды.

17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-36 Бұйрығына сәйкес (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

18. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылған дәрілік заттарға рецептілер республиканың барлық аумағында жарамды, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға рецептілерді қоспағанда республиканың (аудан, қала, облыс) әкімшілік-аумақтық бірлігінде жарамды.

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына 1-қосымша

Қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қысқартулар

Толық жазылуы

Аудармасы

aa

ana

бойынша, тең бөлінген

ac. acid.

acidum

қышқыл

amp.

ampulla

Ампула

aq.

аqua

Су

aq. purif.

aqua purificata

тазартылған су

but.

вutyrum

май (қатты)

comp., cps.

сompositus (a, um)

күрделі

D.

Da, Detur, Dentur

Бер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын

D.S.

Da, Signa; Detur, Signetur

Бер, белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін

D.t.d.

Da (Dentur) tales doses

Осындай дозаларды бер (берілетін болсын)

Dec.

Decoctum

Қайнатпа

dil.

dilutus

Ерітілген

div. in p.aeq

divide in partes aequales

тең бөліктерге бөл

emuls

emulsum

Эмульсия

extr.

extractum

сығынды, сорып алынған

f.

fiat (fiant)

түзілетін болсын (түзілсін)

gtt.

gutta, guttae

тамшы, тамшылар

inf.

infusum

тұнба

in amp.

in ampullis

ампулаларда

in caps.gel.

in capsulis gelatinosis

желатинді капсулаларда

in tabl.

in tab(u)lettis

Таблеткаларда

lin.

linimentum

сұйық жақпа май

liq.

liquor

Сұйықтық

M. pil.

massa pilularum

пилюльдік масса

M.

Misce; Misceatur

Араластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын

N.

numero

Санмен

ol.

oleum

май (сұйық)

pil.

pilula

Пилюля

p.aeq.

partes aequales

тең бөліктер

pulv.

pulvis

Ұнтақ

q.s.

quantum satis

қанша қажет етілсе, қанша керек

r., rad.

radix

Тамыр

Rp.

Recipe

Ал

Rep.

Repete. Repetatur

Қайтала. Қайталанатын болсын

rhiz.

rhizoma

сала тамыр

S.

Signa. Signetur

Белгіле. Белгіленетін болсын

sem.

semen

Ұрық

simpl.

simplex

Қарапайым

sir.

sirupus

Шырын

sol.

solutio

Ерітінді

supp.

suppositorium

Балауыз

tabl.

tab(u)letta

Таблетка

t-ra, tinct., tct.

tinctura

Тұнба

ung.

unguentum

жақпа май

vitr.

vitrum

шыны ыдыс

10pt}, praec.

praecipitatus

Тұнған

past.

pasta

Паста

Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына 2-қосымша

Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Жазылып берілген рецептілер бойынша дәрілік заттарды есепке алу журналы

р/с №

Жіберген күні

Пациенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Рецептінің күні және номірі

Дәрігердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Препараттың атауы

Саны

Фармацевттің қолы

Фармацевттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Пациенттің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание