Toggle Dropdown
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97- VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
«2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2) 728-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұтынушылық банктік қарыздың және тұтынушылық микрокредиттің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.»;
«1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары не аумақтық әділет органдарының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.».
2 және 3-тармақтар осы Заңның 2-баптын 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Aппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.»;
3) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі».
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;».
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:
4-тармағының алтыншы – тоғызыншы абзацтары осы Заңның 2-баптын 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«48-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен нормативтік құқықтық актіні;»;
«75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
«1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;»;
«15) тұтынушылық банктік қарыз – ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін банктік қарыз.»;
«7-1. Банк банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:
бұрын банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен кепіл мүлкін;
банктің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нәтижесінде банктің меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сәйкес банк сатып алу шартымен жалға берген тұрғынжайға қолданылмайды.
Банк:
өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін;
осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сәйкес банк сатып алу шартынсыз жалға берген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне мөлшерлес ұзартылатын тұрғынжайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті банктің меншігіне өткен күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сәйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.»;
7) тармақша «мүліктi» деген сөзден кейін «және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші – жиырмасыншы абзацтары осы Заңның 2-баптын 2) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
РЕГИСТРАЦИЯ |