• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 320-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 320-IV Заңы

1-бап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағындағы "орта" деген сөз "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 104-баптың 1-тармағындағы "бастапқы кәсіптік" деген сөздер "техникалық және кәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 108-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі "орта" деген сөз тиісінше "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "орта білім алуға" деген сөздер "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 125-баптың 4-тармағындағы "жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде" деген сөздер "жоғары және орта білімнен кейінгі ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 137-баптың 3-тармағындағы "орта" деген сөз "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының    Кодексіне    (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат, N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат, 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы   ; 2007 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ):
1) мынадай мазмұндағы 20-1-тараумен толықтырылсын:
"20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы, -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу, -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 357-2-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормалардың бұзылуын жоймау - ";
3) 541-бапта "309-2 (төртінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "311-1 (жетінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 576-5-баппен толықтырылсын:
"576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган
1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.";
5) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының қырық бесінші абзацындағы "оған уәкілетті лауазымды адамдары" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы қырық алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"білім беру саласындағы уәкілетті органның (311-1 (жетінші бөлігі), 356, 357-1-баптар) соған уәкілетті лауазымды адамдары;".
3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының    Кодексіне    (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2007 жылғы 10 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының   Заңы   ):
1) 90-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;";
2) 121-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
"негізгі, орта, жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік" деген сөздер "негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жалпы және кәсіптік" деген сөздер алып тасталсын;
3) 231-баптың 2) тармақшасындағы "негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта" деген сөздер "негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында:
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының";
он жетінші абзацтағы "білім беру" деген сөздер "жалпы білім берудің оқу" деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегізінші абзацтағы "жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік" деген сөздер "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер    кодексіне    (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; 2007 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының   Заңы   ):