• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240 Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240 Заңы

1-бап
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексiне   (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат;  N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы   ):
1) 70-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн адамды сот құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, қылмысымен келтiрген залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде тiзбесi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабында белгiленетiн мiндеттер жүктеледi.";
үшiншi бөлiктiң в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.";
алтыншы бөлiктегi "оған" деген сөз алып тасталып, "мамандандырылған уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "iшкi iстер органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiктiң а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) бiрнеше рет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе өзiне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде сот осы баптың алтыншы бөлiгiнде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;";
сегiзiншi бөлiк "ауыстырылған" деген сөзден кейiн ", жазасын өтеу кезеңiнде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 72-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "бip жылға дейiнгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейiнгi" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге, бiрақ бала он төрт жастан аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң талаптарына қасақана бағынбау
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына қасақана бағынбауы, -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет, сол сияқты түзеу мекемесi немесе тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, -
үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн бұзу
1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдауы, -
бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мекеменiң қызметкерiне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның жұмыстағы қызметiн жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуiне кедергi жасау немесе оның мекеменiң әкiмшiлiгiне жәрдемдескенi үшiн кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып жасалған әрекеттер, -
жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат):
1) 152-бапта:
тақырыбындағы "сезiктiлер мен айыпталушыларды" деген сөздер "сезiктiлердi, айыпталушылар мен сотталушыларды," деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi және екiншi бөлiктер "айыпталушыны", "прокурордың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сотталушыны", ", судьяның" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 153-баптың тоғызыншы бөлiгiндегi "немесе осы шешiм туралы хабар" деген сөздер алып тасталсын;
3) 455-бапта:
екiншi бөлiк "орындайтын органның ұсынуы бойынша" деген сөздерден кейiн "бiр айлық мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы мәселенi қарау кезiнде жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң пiкiрi ескерiледi.
Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбiрленушiнi не оның өкiлiн почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етедi. Жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң сотқа жеке өздерiнiң қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар қаралуы мүмкiн. Жәбiрленушi не оның өкiлi тиiсiнше хабардар етiлген және оның тарапынан қандай да бiр жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделерiне залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушiнiң немесе мемлекеттiң құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша мiндеттi түрде прокурордың қорытындысы талап етiледi.";
4) 459-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы "сай келмеуiне әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қарауға негiз болып табылады." деген сөздер "сай келмеуiне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) үкiмдi орындау тәртiбiмен заңсыз немесе негiзсiз қаулы шығаруға әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қарауға негiз болып табылады.".
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексiне   (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы   ):
1) 10-баптың 10-тармағындағы ", бас бостандығын шектеуге" деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 1-тармағындағы ", бас бостандығын шектеу" деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады.
5. Қамау, бас бостандығынан айыру және өлiм жазасы түрiндегi жазаларды қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелері атқарады.";
6 және 8-тармақтар алып тасталсын;