• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 467-IV Заңы

Редакция 07.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж. № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24; 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж. № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 88-1-баптың екінші бөлігіндегі «заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «заңды тұлғаларға – отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 205-1-бапта :
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңiнде қызметтi жүзеге асыруы, -»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
3) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«205-2-бап. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы -
дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4) 206-2-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
5) 213-баптың бесінші бөлігінде:
бірінші абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейін «мұнай өнімдері мен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейін «тұлғалардың» деген сөзбен толықтырылып, «өткізу» деген сөз «өткізуі» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 532-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
7) 651-баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы «мерзiмi көрсетiлуге тиiс.» деген сөздер «мерзімі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі көрсетілуге тиіс.»;
8) 707-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.»;
9) 709-1-баптың бірінші бөлігіндегі «адамның айыппұлды ерiктi түрде төлеуi туралы тиiсiнше хабардар етiлген фактiнi растайтын құжаттың көшiрмесi және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы салық органының анықтамасы» деген сөздер «әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы әкімшілік жаза қолданған органның анықтамасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
1) мазмұнда:
мынадай мазмұндағы қырық тоғызыншы, бір жүз жетпіс жетінші және бір жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын:
«39-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) ашпай, Қазақстан Республикасында тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) болуына байланысты оған өз құқықтары мен міндеттерін беру кезінде тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындауы»;
«144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
«154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі»;
193-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
195-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «корпоративтік» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз елу жетінші абзацпен толықтырылсын:
«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары»;
201-баптың тақырыбы «көзінен» деген сөзден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
212-баптың тақырыбындағы «немесе iшiнара» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші және екі жүз жетпіс бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«212-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық ставкасын қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi»;
«212-2-бап. Резидент еместiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi»;
213-баптың тақырыбындағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместің көлік қызметін» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместің халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз сексенінші абзацпен толықтырылсын:
«221-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысты айқындау тәртібі»;
222-баптың тақырыбындағы «табыстар алуымен байланысты» деген сөздер «табыстар алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екі жүз сексен алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«227-1-бап. Резиденттің депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табысынан төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі»;