• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңы

1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы  ):
1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.»;
2) 39-баптың бірінші бөлігінің ж) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) абақтыда ұстау;»;
3) 40-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейi жалтарған жағдайда, ол осы Кодекстiң 42, 43-баптарында көзделген қағидалар сақтала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерiне сәйкес келетін айыппұл сомасының орнына тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстарына немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тарту есебімен қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен ауыстырылады.»;
4) 41-баптың төртінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «қамауға алуға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
5) 42-баптың екінші бөлігінде:
екінші сөйлемдегі «46,» деген цифрлар және «, қамауға алумен» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші сөйлемдегі «, қамауға алудың» деген сөздер алып тасталсын;
6) 43-баптың төртінші бөлігіндегі «, қамауға алу» деген сөздер алып тасталсын;
7) 45-баптың бірінші бөлігі бірінші абзацының бірінші сөйлеміндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Абақтыда ұстау
1. Абақтыда ұстау сотталған әскери қызметшіні тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.
2. Абақтыда ұстау бір айдан үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.»;
9) 53-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«5. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің адамды кінәлі деп тануға негіз болған бабының санкциясында, осы баптың бірінші бөлігінің д) тармағында көзделген жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, жазаның әрқилы (балама) түрлері көзделсе, кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
6. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген істер бойынша, жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс.»;
10) 54-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы р) тармағымен толықтырылсын:
«р) құқық қорғау органы қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы.»;
11) 61-бапта :
бірінші бөліктің а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) абақтыда ұстаудың бір күні;»;
екінші бөліктегі «қамаумен,» деген сөз алып тасталсын;
12) 62-баптың бірінші, үшінші және 3-1-бөліктеріндегі «қамаудың», «қамау» деген сөздер тиісінше «абақтыда ұстаудың», «абақтыда ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 63-бапта :
төртінші бөлік «кезінде» деген сөзден кейін «шектеулердің және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның тәртібін бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты мекен-жайын, жұмысын, оқуын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді орындауды жүктеуі мүмкін.»;
14) 67-бапта :
тақырыптағы «Жәбiрленушiмен татуласуына» деген сөздер «Татуласуға» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қылмыс қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірген жағдайларда осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетпен өкінсе және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянның орнын толтырған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
15) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескiру мерзімі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер:
а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.»;
16) 72-бапта :
тақырыптағы «әйелдердің жазаны» деген сөздер «әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «сотталған әйелдердің» және «жас балалары бар әйелдердің» деген сөздер тиісінше «сотталған әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің» және «жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «сотталған әйел», «әйелді», «сотталушы әйелді» деген сөздер тиісінше «сотталған адам», «адамды», «сотталған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;