2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Отправить по почте
Осы редакция 02.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;
3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
4) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;
5) бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
6) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі;
7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
8) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;
9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
11) бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);
12) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
14) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
16) бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
17) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен мемлекеттік басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құны;
19) бюджет қаражаты - мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер;
20) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
22) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
23) бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
25) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
26) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
27) жергілікті атқарушы органның борышы - жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
28) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгілеген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс; , , , ,
29) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
30) инвестициялық ұсыныс - бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
31) квазимемлекеттік сектор субъектілері - ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар;
32) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
33) келісімшарт жасасушы агент - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |