Toggle Dropdown
45
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126-III Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 01.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;
Toggle Dropdown
3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары – эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;
Toggle Dropdown
4) базалық шарт – ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және (немесе) екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;
Toggle Dropdown
4-1) банк-агент – екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі;
Toggle Dropdown
5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
Toggle Dropdown
6) дебитор – қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
Toggle Dropdown
7) жобалық қаржыландыру – мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі;
Toggle Dropdown
8) жобалық қаржыландыру мәмілесі – тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы;
Toggle Dropdown
9) инвестициялық портфельді басқарушы – инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
Toggle Dropdown
9-1) кепілді басқарушы – тең кепіл ұстаушылардың арасында жасалған кепілді басқару шартына байланысты солардың атынан және мүдделерінде әрекет ететін, тең кепіл ұстаушылардың атынан кепіл шартын жасайтын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
10) кредитор – облигациялар ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын тұлға;
Toggle Dropdown
10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, халықаралық қаржы ұйымдары;
Toggle Dropdown
10-2) қарыз алушы – синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға;
Toggle Dropdown
11) қосымша қамтамасыз ету – арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері;
Toggle Dropdown
12) оригинатор – секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
13) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және (немесе) беретін және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
14) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;
Toggle Dropdown
15) секьюритилендіру мәмілесі – арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;
Toggle Dropdown
15-1) синдикатталған қаржыландыру – бір синдикатталған қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі;
Toggle Dropdown
15-2) синдикатталған қарызды ұйымдастырушы – синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамын қалыптастыру және қарыз алушымен синдикатталған қарыз шартын жасасу процесін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және синдикатталған қарыздың қатысушысы болып табылмайтын тұлға;
Toggle Dropdown
16) талап ету құқықтары – талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары);
Toggle Dropdown
17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер – дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер;
Toggle Dropdown
18) талап ету құқықтарының біркелкілігі – талап ету құқықтарының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда айқындалған жалпы объективті өлшемшартқа сәйкестігі;
Toggle Dropdown
19) тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар;
Toggle Dropdown
20) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
21) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміленің күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).
Toggle Dropdown
1
22) шетелдік кәсіптік ұйым – уәкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйым.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне және арнайы қаржы компаниясының қызметіне байланысты қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
Toggle Dropdown
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) жарғылық капиталдың мөлшерін толығымен төлеген не өздері сатып алған оригинатордың акцияларын құрылтай шартына сәйкес толығымен төлеген заңды тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Оригинатор бір мезгілде секьюритилендірудің бірнеше мәмілелерін жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
Toggle Dropdown
3. Оригинаторда соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есеп болуға тиіс.
Toggle Dropdown
1
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі
Toggle Dropdown
1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құра алады.
Toggle Dropdown
Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтінүлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы емес.
Toggle Dropdown
2. Арнайы қаржы компаниясының атауында "арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс. Атауында "АҚК" аббревиатурасын пайдалану арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі. Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздерді пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқарушымен шарт негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)