• Мое избранное
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 15

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7977 тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк 
Төрағасы                                   Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 242 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ААЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпарат жүйелері;
2) кросс-бағам – екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі;
3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
  • 1
2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
Ұлттық Банк оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі – Қағидаларға қосымша) айқындалған.
3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күніне белгілеген бағамдары қолданылады.
6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.
6-тармақ өзгертілді ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 267  Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.
6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.
2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР  Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 267  Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
3-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдарын Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық пошта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.06.2019 жылғы № 94 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы қол қойылған құжаттың түпнұсқасы тігіледі және уәкілетті бөлімшеде сақталады.
Қазақстан Республикасы
 ұлттық валютасының шетел валюталарына
 ресми бағамын белгілеу қағидаларына
 қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 267  Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 141 Қаулысымен (29.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы № 245 (28723) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.06.2016 жылғы № 168 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.07.2016 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 22.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі
Шетел валютасының атауы
1 Австралия доллары (AUD)
2 Әзірбайжан манаты (AZN)
3 Армян драмы (AMD)
4 Белорусь рублі (BYN)
5 Бразилия реалы (BRL)
6 Венгрия форинті (HUF)
7 Корея Республикасының вонасы (KRW)
8 Гонконг доллары (HKD)
9 Грузин лариі (GEL)
10 Дат кронасы (DKK)
11 БАӘ дирхамы (AED)
12 АҚШ доллары (USD)
13 Еуро (EUR)
14 Үндістан рупиясы (INR)
15 Иран риалы (IRR)
16 Канада доллары (CAD)
17 Қытай юані (CNY)
18 Қырғыз сомы (KGS)
19 Кувейт динары (KWD)
20 Малайзия ринггиті (MYR)
21 Мексика песосы (MXN)
22 Молдова леясы (MDL)
23 Норвегия кронасы (NOK)
24 Польша злотыйы (PLN)
25 Ресей рублі (RUB)
26 Сауд Арабиясының риалы (SAR)
27 СДР (XDR)
28 Cингапур доллары (SGD)
29 Тәжік сомониі (TJS)
30 Тайланд баты (THB)
31 Түрік лирасы (TRY)
32 Өзбек сумы (UZS)
33 Украина гривнасы (UAH)
34 Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP)
35 Чех кронасы (CZK)
36 Швед кронасы (SEK)
37 Швейцария франкі (CHF)
38 Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
39 Жапон йенасы (JPY)