Toggle Dropdown
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қаңтарда № 10097 тіркелді
Редакция 05.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тізбесі бекітілсін
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаменті (У. Әмірханұлы) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi
2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті.
3. Багам аралдары Достастығы.
7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
9. Гайана Кооператив Республикасы.
10. Гватемала Республикасы.
12. Джибути Республикасы.
13. Доминика Республикасы.
15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).
16. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
17. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
19. Колумбия Республикасы.
20. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.
21. Коста-Рика Республикасы.
22. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
23. Либерия Республикасы.
25. Лихтенштейн Княздығы.
26. Маврикий Республикасы.
27. Мавритания Ислам Республикасы.
28. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
29. Мальдив Республикасы.
30. Маршалл аралдары Республикасы.
34. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
37. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
38. Нигерия Федеративтік Республикасы.
39. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
40. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
43. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
44. Сан-Марино Республикасы.
45. Сейшель аралдары Республикасы.
46. Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті.
47. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
48. Сент-Люсия Мемлекеті.
49. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
3) Британдық Виргин аралдары;
7) Теркс және Кайкос аралдары;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
10) Оңтүстік Георгия аралы;
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
50. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
1) Американдық Виргин аралдары;
3) Пуэрто-Рико Достастығы;
52. Біріккен Танзания Республикасы.
54. Тринидад и Тобаго Республикасы.
55. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
56. Филиппин Республикасы.
57. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
58. Черногория Республикасы.
59. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.