Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту, МӘМС жүйесінде қатынастарды құқықтық реттеудегі кемістіктерді, қайшылықтарды жою, сондай-ақ МӘМС жүйесінде құқықтық, әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді айқындау қажеттілігімен байланысты.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жекелеген нормаларын Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелеріне сәйкестікке келтіру қажеттілігі туындайды.
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмекке мынадай:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға жүгінген айдың алдындағы, соңғы күтнтізбелік он екі айдың ішінде кемінде екі ай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылған (осы кезеңде аударымдарда және (немесе) жарналарда үзілістердің болу/болмауына қарамастан);
2) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы аяқталғанға дейін оқыған адамдар;
3) осы Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес қорға жарналарды төлеуден босатылған азаматтардың құқығы бар.
Заңның 28-бабының 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар ӘМСҚ-қа жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санатына жатады.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементінде жазылған құқық нормасы нақ осы актiнiң басқа құрылымдық элементтерiнде қайталап жазылмайды.
Айтылғандарды ескере отырып, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы аяқталғанға дейін оқыған адамдарды Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдардың санатынан алып тастау қажет.
Заңға уәкілетті органмен айқандалған тәртіппен мемлекеттің мынадай:
1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
2) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;
3) орташа, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқу аяқталған айдан кейін күнтізбелік алты айдың ішінде оқуды аяқтаған адамдар үшін жарналарын тоқтату туралы нормасын енгізу қажет.
Балаға, 18 жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыратын, орташа, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқу аяқталған айдан кейін күнтізбелік алты айдың ішінде оқуды аяқтаған адамдармен толықтыра отырып, мемлекеттің МӘМС-қа жарналарды төлейтін адамардың санатын нақтылау ұсынылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнама барлық азаматтар үшін МӘМС міндеттілігі қағидатын қамтамасыз ету үшін жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін жеке тұлғалар топтарының жарналарды төлеушілер тізбесін толықтыру бөлігінде жетілдіруді талап етеді. Бұл «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін адам ұғымының енгізілуіне және олардың МӘМС жүйесіне қатысу деңгейін айқындау және оларға медициналық көмекті МӘМС жүйесінде беру қажеттілігімен де байланысты. Осыған байланысты Заңға жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін жеке тұлғалардың жарналарын есептеу және аудару шарттарын, көрсетілген адамдар санатының қорға жарналарды төлеу тәртібін айқындау үшін, сондай-ақ жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшері болып табылатынын көздейтін нормаларды енгізу қажет.
«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Заңмен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер көрсетілген Заңмен өзгеше көзделмесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады, солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алатын адамдардың тізбесін кеңейтумен байланысты, яғни Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ оралмандарға ТМККК көрсетуді көздейтін өзгерістер енгізу қажет.
Кодекс нормаларын жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілердің ережелеріне сәйкестікке келтіру мақсатында оған сәйкес МӘМС-қа мемлекттің ҚР-ның аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері үшін жарналар төленбейтін норманы алып тастап, Заңға өзгеріс енгізу қажет.
Сондай-ақ Кодекске Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін медициналық көмектің түрлерін және көлемін айқындау туралы нақтылайтын норманы енгізу қажет.
2. Азаматтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және жарналардың елде экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты түспеген жағдайда медициналық көмек беруге кепілдік беру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қабылданған міндеттемелерге ақы төлеу үшін түсімдердің жеткіліксіздігі жағдайында қордың шығындарын қаржыландыруға арналған резервтерді қоса отырып, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне түзетуді енгізу ұсынылып отыр. Еуропа елдерінің тәжірибесі жұмыссыздықтың артуы және халық кірісі азаюының нәтижесінде экономикалық құлдырау кезінде міндетті медициналық сақтандыру қорлары кірістерінің айтарлықтай азаюы байқалатынын көрсетті, бұл балансты қалпына келтіру үшін мемлекеттік бюджеттерден қосымша демеу-қаржы бөлуіне және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігіне кепілдік беруіне алып келеді. Осылайша, жаһандық қаржы дағдарысы (2008-2013жж.) кезінде Еуропаның 20 елі бұл мақсат үшін мемлекеттік бюджеттік трансферттерін ұлғайтты, бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етудің жиі қолданылатын шарасына айналды, олар дағдарыс кезінде кірістердің төмендеуіне байланысты және қоғамда қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету үшін ұлғаяды. Бұл жағдайда мәселе Қордың мүмкін болатын тиімсіз менеджментімен байланысты шығыстардың өсуінен Қордың залалдарын өтеуде емес, ол Қор ықпал ете алмайтын себептерге байланысты Қордың шығыстары айтарлықтай төмендеген кездегі жағдайда болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер беру және МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және зейнеткерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша құқықтық қатынастар реттелмеген.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен мемлекеттік органдардың арасында азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің аражігін ажырату көзделген.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп әскери қызметшілерді, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша ӘМСҚ пен мемлекеттік органдар міндеттемелерінің аражігін ажырату мәселелері бойынша бірнеше жұмыс кеңестерін өткізді. Кеңестердің нәтижелері бойынша мынадай шешім қабылданды:
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелеріне, медициналық көмек көрсету ведомстволық медициналық ұйымдарда (әскери-медициналық мекемелерде, ұйымдарда, бөлімшелерде) көрсетілсін. Әскери қызметшілердің, қызметкерлердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдар болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар немесе арнайы жабдық болмаған жағдайда медициналық көмек ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шеңберінде көрсетіледі. Бұл ретте денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарына ақы төлеуді ӘМСҚ-тың жүзеге асыруы көзделген. ӘМСҚ шығындарын өтеу тиісті мемлекеттік орган көздеген бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын болады.
Контракт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарының зейнеткерлері, сондай-ақ әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарға, әскери қызметтің міндеттерін орындаумен байланысты ауруға шалдыққан, сондай-ақ жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдар тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында (әскери-медициналық мекемелерде, ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық көмек алу құқығына ие болады. Тиісті денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарға ақы төлеуді ӘМСҚ-тың жүзеге асыруы көзделген.
Әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарға, әскери қызметтің міндеттерін орындаумен байланысты ауруға шалдыққан, сондай-ақ жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдар мемлекеттің есебінен санаторлы-курорттық емделу Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсетілімдер болған жағдайда көрсетіледі.
Әскери қызметшілердің, әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарға, әскери қызметтің міндеттерін орындаумен байланысты ауруға шалдыққан, сондай-ақ жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген адамдар ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек алуына жұмсалған өз қаражатын оның құрылымында әскери қызмет өткерген уәкілетті орган ҚР Үкімет айқындаған тәртіппен өтейді.
Көрсетілген адамдар санаты жұмысының жүріп-тұру сипатын, сондай-ақ әскери қызметшілердің қызметін шекара заставаларында, алшақ аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда өткеруін ескере отырып, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, олардың қарамағындағы адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен оларды ӘМСҚ-қа жарналарды төлеуден босату үшін жұмыссыз ретінде тіркеудің ықшамдалған тәртібін айқындау ұсынылып отыр.
Айтылғандарды ескере отырып, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету және қаржыландыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы, арнаулы, құқық қорғау органдарының әскери қызметі туралы, халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңнамалық актілердің, Бюджеттік кодекстің нормаларын Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелеріне сәйкестікке келтіру қажет.
Кодекстің 135-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады. Кодекстің 135-бабының 2-тармағына сәйкес олардың қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдар болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар немесе арнайы жабдық болмаған жағдайда медициналық көмек медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетіледі. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету шарттары және тәртібі туралы түзетулерді әскери қызмет туралы, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамалық актілерге енгізумен байланысты Кодекстің 135-бабының 2-тармағын алып тастау қажет.
4. Медициналық қызметтерге және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, барлық өңірлер үшін медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді белгілеу, қаражатты тиімді пайдалануды бақылаудың тұтас жүйесін қалыптастыру және нәтижелерге қол жеткізу мақсатында республикалық бюджет шығыстарының бағыттарын кеңейту және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері, астананың бюджеттер ішығыстарының бағыттарын қысқарту ұсынылып отыр, ол үшін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Осыған байланысты> «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы ҚР Заңына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру бойынша функцияны облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары құзыретінен алып тастауға байланысты өзгерістерді енгізу қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларға қатысты, өзгерістер енгізуді талап ететін нормалары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетінін ескере отырып, көрсетілген өзгерістерді көрсетілген заңға енгізу қажет.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес
өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актімен қабылданған, бірақ қолданысқа енгізілмеген құқық нормасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
5. МӘМС жүйесінде медициналық көмек медициналық қызметтер көрсетуден басқа, стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды дәрілік қамтамасыз етуді қамтитынын ескере отырып, МӘМС туралы заңнама МӘМС жүйесіне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы денсаулық сақтау субъектілерін тарту бөлігінде жетілдіруді және «МӘМС туралы» ҚР Заңына «фармацевтикалық қызмет» ұғымын енгізуді талап етеді. Медициналық қызметтерді тұтынушыларға фармацевтикалық қызмет көрсетуді көздейтін, дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілермен келісімдер жасасу туралы нормамен толықтыра отырып, «қызметтерді сатып алу шарты» анықтамасын нақтылау, сондай-ақ қордың денсаулық сақтау субъектілеріне фармацевтикалық қызметтер көрсету шарттары бойынша уақтылы ақы төлеуді қамтамасыз ету міндеті туралы норманы енгізу талап етіледі.
Одан басқа, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Қаазақстан Республикасының ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту бойынша функцияны Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне енгізу талап етіледі.
6. Орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату кезінде Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу бойынша құзыреті де мүмкін. Бұл ретте Кодексте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көрсетілген құзыреті «МӘМС туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 22 және 81) тармақшаларымен, 34-бабының 1-тармағымен көзделген. Кодекс нормаларының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында Кодекстен Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу тәртібін айқындаудағы құзыретін алып тастау ұсынылып отыр.
7. Кодекстің 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін ҚР Үкіметі айқындайды («медициналық қызметтерді» алып тастаумен көрсетілген заң жобасының редакциясында). «МӘМС туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 22, 81) тармақшаларына, 34-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және олардың шығындарын өтеу бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау бойынша функцияларын уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осыған байланысты Кодекстің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ТМККК және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету, ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен фармацевтикалық қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауын жүзеге асыруды реттейітн ережесін нақтылайтын норманы енгізу қажет.
8. «Сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ұғымдары және анықтамалары қолдануға болмайтындықтан әдетте әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарда пайдаланылмайды. Оның себебі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кезінде не жеке тұлға жарналар төлеуді жүзеге асырады, не оның қатысуы мемлекеттің есебінен қаражаттандырылатыны болып табылады. Сондықтан, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қалады және оның алдын ала төленген әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасын алуға құқығы бар. Бұл мәселе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жалпыға бірдей ететін бірден бір мәселе.
Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауымен) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда резерв жүйесінің болуы қажет (жұмыстан шығу жағдайына сақтандыру және/немесе еңбекке қабілетсіздігі жағдайына сақтандыру), ол осы адам жаңа жұмысты тапқанша дейін немесе жұмыс қабілеттігін қалпына келтіргенге дейін сабақтастықты қамтамасыз ететін болады.
Жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болған жағдайда оның мемлекет төлейтін, ӘМС-қа қаражаттандыратын жарналарға құқығы бар және ол ӘМС жүйесінде қалады.
Жеке тұлға жаңа жұмысқа орналасқан жағдайда төлемдердің үздіксіздігі сақталып қалады, сонда сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады. Егер жеке тұлға жұмысқа орналаса алмаса және жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болып қалса және жарналар төлеуді өзі жүзеге асыру үшін қаражаты болмаса, бұл жағдайда жарналардың үздіксіздігін сақтап қалу үшін демеу-қаржы алу құқығын алуы тиіс. Бұл жағдайда да сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады.
Одан басқа, «қатысу өтілі» және «сақтандыру мерзімі» ұғымдарын пайдалану ӘМСҚ-тың қаржылық орнықтылығы үшін үлкен қауіптерге, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандырудың міндеттілігі қағидатын орындамауға алып келеді.
Айтылғандарды ескере отырып, Заңнан МӘМС жүйесінде сақтандыру мерзімі, сондай-ақ МӘМС жүйесіне қатысу өтілі ұғымдарын алып тастау қажет. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілін және сақтандыру мерзімін есептеу тәртібін әзірлеу және айқындау бойынша функцияны уәкілетті органның құзыретінен алып тастау қажет, сондай-ақ төлеушілерге олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі тоқтаған жағдайда сақтандыру мерзімі ішінде оларға медициналық көмек көрсету туралы норманы алып тастау қажет.
9. «МӘМС туралы» ҚР Заңының 17-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз құзыретінің шеңберінде МӘМС жүйесінің ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізеді және актуалдандырады. Көрсетілген функция «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның қарауында болуын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның құзыретінен алып тастау қажет және оны МӘМС жүйесінде функцияларды іске асыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділіктің болуына ауыстыру қажет.
Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның МӘМС жүйесінде аударымдары және (немесе) жарналары төленген жеке тұлғалардың деректер базасын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттің жарналарын төлеу үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыру бойынша қосымша функцияларын енгізу қажет.
10. МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстарға ақы төлеу қызметін мемлекеттік реттеу арқылы қордың қаржылық орнықтылығымен қамтамасыз етілетінін ескере отырып, күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерді пайдалану тәртібін айқындау бойынша функцияларды ҚР Үкіметінің құзыретіне енгізу қажет.
11. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ӘМСҚ құқықтарын реттейтін ережесіне қордың банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу, сондай-ақ ақша аударымдары төлемдері бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау бойынша аударма операциялары сияқты банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиясыз жүзеге асыру бойынша құқығын көздеу қажет.
12. Нормативтік құқықтық актілерді кемшіліктердің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманың нормаларымен қайшылықтарының болу пәніне өткізілген мониторинг нәтижелері бойынша заңнамалық актілерге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) активтері қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегере отырып, аударымдардың, жарналардың, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімпұлдың, инвестициялық кірістің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге көздердің есебінен қалыптастырылады.
Осы баптың 6-тармағымен оған сәйкес қордың активтері:
2) кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алынбайды;
3) тыйым салудың және мүлікке өзге ауыртпалық салудың пәні;
4) қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкімімен өндіріп алынбайды;
5) Заңның 21-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқаруға беріле алмайды;
6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету пәні бола алмайтын норма көзделген.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) автивтері әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады. Бұл ретте Қордың активтеріне өндіріп алуды пайдалануға жол берілмейді.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (жалпы бөлім) (бұдан әрі – АК) мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап беретіні белгіленген.
Осылайша, қаралып отырған заңдардың және АК нормаларының қайшылықтары байқалады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін жарналар олардың меншігі болатынына байланысты, жоғарыда көрсетілген қорлар қызметінің әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, заңмен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) МӘСҚ-ты және қорды өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап беретін заңды тұлғалардың қатарынан алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу болжамдалады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 155-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай қарап-тексеру өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті органмен келісім бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
Бұл ретте «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы оған сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган көлік құралдары жүргізушілерін міндетті міндетті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейтін және бекітетін норманы қамтиды.
Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру міндетті ауысым алдындағы қарап-тексерулерге жататынын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 мамырда № 10987 болып тіркелген) көлік құралдарының жүргізушілері міндетті медициналық қарап-тексерулер өткізілетін кәсіптердің тізбесіне жататынын ескере отырып, заң жобасымен көрсетілген қайшылықты алып тастау ұсынылып отыр.
Сондай-ақ Еңбек кодексі мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс (бұдан әрі – Кодекс) нормаларының арасында қайшылықтар бар. Осылайша, Еңбек кодексіне сәйкес аталған актілерді қабылдау ДСӘДМ құзыретіне, ал Кодекске сәйкес – ҰЭМ құзыретіне жатқызылған.
Осыған байланысты бұл мәселелер денсаулық сақтау ұйымдарының емес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы органдары қызметінің саласы болып табылатындықтан, Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу қажет.
Одан басқа, қазіргі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық қызметтерге бағаларды және тарифтерді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағаларын қалыптастыру әрбір тауар атауына тіркелген бағалардың негізінде бір халықаралық патенттелмеген атау бөлінісінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығымен бекітілген Бағаларды қалыптастыру қағидаларымен регламенттелген.
Тіркелген бағаны белгілеу референтті (ішкі және сыртқы) баға қалыптастыруға және фармацевтикалық өндірушілермен немесе олардың ресми өкілдерімен дәрілік заттарға бағалардың қолжетімділігін, ашықтығын және дәйектілігін арттыруға мүмкіндік беретін келіссөздерге негізделген.
Дәрілік препаратқа тіркелген бағаны белгілеу процесіне өндірушілер немесе олардың ресми өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Ассоциациялардың мамандары қатысады. Айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық қызметтерге бағаларды және тарифтерді мемлекеттің белгілеуі туралы норманы енгізу, сондай-ақ амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің шеңберінде дәріхана желісі арқылы халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін көтерме және бөлшек сауда үстеме бағасын белгілеу бөлігінде түзетулерді енгізу қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ұйымдық құрылымын (акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым, бірыңғай құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылады), пайда табуға бағыттылмаған қызметін (әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік қауіптер туындаған жағдайларда төлемдерді тағайындау және төлеу), сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметпен және Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңымен («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 29-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы) көзделмеген өзге қызметпен айналысуға тыйым салынғанын ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ұқсас мемлекеттік монополия қызметінің саласын реттейтін ережелер қолданылмайтын ұйымдардың тізбесіне (Кәсіпкерлік Кодекстің 193-бабы) қосумен байланысты өзгерістерді енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген, зейнетақыларды толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасымен белгіленген мерзімде әлеуметтік төлемдерді төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 7-бабының 6-3-тармағына сәйкес Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік корпорацияның құзыретіне тексеруді құзыреті шегінде жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кодекстің ережелерін жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілердің нормаларына сәйкестікке келтіру мақсатында Кәсіпкерлік Кодекске бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілердің қызмет саласын айқындау бөлігінде (ҚР зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасы) өзгерістерді енгізу қажет.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерін тағайындауды уәкілетті орган тағайындау бойынша жүзеге асырады, төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.
Практикада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне төлемдердің толықтығы және уақтылығы бөлігінде бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруге төлеуі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізелетін, уәкілетті орган тағайындау бойынша тағайындаған зейнетақы төлемдерін қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері жатуы тиіс.
Қазіргі сәтте дәрілік заттардың этикалық емес қозғалысы проблемасы бар. Бұл фармацевтикалық өнімнің импорты ұлғайғандықтан, фармацевтикалық компаниялардың және денсаулық сақтау мамандарының өзара іс-қимылын, мәмлесін бақылау және жолын кесуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болмауынан, төмен жалақының салдарынан медицина персоналының еңбегін төмен ынталандыру және денсаулық сақтау мамандарының заңсыз кіріс алуға мүдделілігінен туындайды, сондай-ақ нарық қатысушыларының құзыретті органдарға дәрілік заттардың этикалық емес қозғалысы туралы хабарлау бойынша төмен белсенділігі халық сенімсіздігінің және медициналық көмектің сапасымен және қолжетімділігімен қанағаттанбауының өсуін тудырып отыр. Азаматтардың денсаулығын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, дәлелді медицинаның негізінде оңтайлы фармакотерапия және барлық қатысушы тараптардың жауапкершілігін арттыру арқылы жақсарту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне этикалық қағидалар әзірлеуді көздейтін нормаларды енгізу көзделген.
Айтылғандарды ескере отырып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің ережесіне Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты нақтылау, сондай-ақ этикалық нормаларды сақтамау жағдайында тараптардың жауапкершілік шарасын айқындайтын норманы енгізу қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретінен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау бойынша функцияны алып тастау қажет.
Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысын реттеудің бірыңғай қағидаттары дәне қағидалары туралы келісімнің нормаларымен сәйкестікке келтіру, халықты дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және жеке ережелерді ЕАЭО қабылдаған келісім нормаларымен үйлестіру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес мынадай:
фармацевтикалық нарық субъектілерін тиісті фармацевтикалық практикаларға ауыстыруды қамтасыз ету саласында мемлекттік саясат және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттіктері;
ЕАЭО нормативтік құжаттарына, фармацевтикалық қызмет саласында қабылданған Халықаралық директиваларға және стандарттарға сәйкес ұғымдарды және анықтамаларды қайта қарау;
елде, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде PIC/S халықаралық ұйымына кейіннен кіре отырып, инспекцияны тиімді жүргізу және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл мақсатында фармацевтикалық инспектораттың қызметін реттейтін концептуалдық ережелерді қабылдау;
лоббилеуді алып тастау және дәрілік заттар туралы дәйекті ақпарат беру мақсатында дәрілік препараттар және медициналық бұйымдар қозғалысының этикалық нормаларын енгізу;
баға белгілеу және озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрілік заттарға көтерме және бөлшек сауда үстеме бағасын реттеу мәселелерін жетілдіру;
сәйкестендіру және өндірушіден және түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізудің түгел тізбегі бойынша қадағалау арқылы бұрмаланған өніммен күресті күшейту;
қолданыстағы нормалардың құқықтық қолданымды практикада, оның ішінде монополиялық функцияларды жүзеге асыру кезінде туындаған қайшылықтарды алып тастау: ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополиялық функцияларды жүзеге асырумен технологиялық байланысты қызметтердің және жұмыстардың тізбесі енгізілді;
ҚР Мемлекеттік фармакопеясын жетілдіру және әлемнің жетекші фармокопеяларының талаптарымен үйлестіру, ҚР МФ стандарттарын дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, іске асыру, сақтау, сараптау және бақылау кезінде енгізу арқылы халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін мемлекеттік сапа стандарттарын белгілеу;
отандық өндірушілерді 2018 жылдан бастап тиісті өндірістік практиканың стандарттарына (GMP), медициналық бұйымдарды ISO немесе GMP мемлекетаралық стандарттарының талаптарына ауыстыруға сәйкес дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге жаңа тәсілдер;
үздіксіз сапа мониторингін және дәрілік заттарды фармацевтикалық қадағалау деректерінің, Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдардың қолайсыз оқиғаларды (инциденттерді) мониторингілеу жүйесін бағалаудың негізінде «пайда-қауіп» арақатынасын жыл сайын бағалауды жүзеге асыра отырып, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды тіркеу, қайта тіркеу және мерзімсіз тіркеу куәлігін беру саласында халықаралық практикада пайдаланылатын заманауи нормаларды енгізу;
өндіріс шарттарын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін, клиникаға дейін (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерді жүргізу шарттарын, тіркеу куәліктерін ұстаушыларды фармацевтикалық қадағалау жүйесін бағалауды, медициналық бұйымдардың қолайсыз оқиғаларды (инциденттерді) мониторингілеу жүйесін бағалауды нақтылау мәселелерінде негіздік тәсілдер белгіленген;
нарыққа бұрмаланған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың өтуімен күресу мақсатында ҚР нарығына өтетін өнімді таңбалауға өндірушіден және түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізудің түгел тізбегі бойы оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сәйкес, сондай-ақ экспресс әдісті пайдалана отырып, қаптаманың тұтастығын бұзбай, нарықта сапа бақылауын жүргізе отырып, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың таңбаламасына арнайы кодтарды міндетті қою бөлігінде нормалар енгізілді;
ЕАЭО қабылдаған нормативтік құжаттарға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды клиникаға дейін (клиникалық емес), клиникалық зерттеулер бойынша кодекстің ережелеріне өзгерістер енгізу қажет.
Дәрілік заттарды өндіру кезінде – тиісті өндірістік практиканың (GMP); дәрілік заттарды көтерме сауда арқылы іске асыру кезінде – тиісті дистрибьюторлік практиканың (GDP), дәрілік заттарды көтерме сауда арқылы іске асыру кезінде – тиісті дәріханалық практиканың (GРP) талаптарын сақтамайтын жеке және заңды тұлғаларға Фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беруді алып тастау мақсатында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына оларды беруге тыйым салумен байланысты толықтырулар енгізу қажет. Осы норма GXP 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу үшін қажет.
Балалардың денсаулығы және салауаттылығы мүдделері «Денсаулық-2020» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стратегиясында баяндалған. Соңғы кездері Еуропа елдерінде денсаулыққа жәрдемдесетін Мектептер өріс алды. Бұл мектептер барлық оқитын балалардың, сондай-ақ педагогикалық және педагогикалық емес персоналдың денсаулығын, салауаттылығын жақсартуға және әлеуметтік әлеуетін дамытуға көзделген іс-қимылдың құрылымды және жүйеленген жоспарын іске асырады. Әр-түрлі еуропалық елдерде оның басқа атаулары пайдаланылады, бірақ жалпымектептік тәсіл барлығы үшін ортақ. Айтылғандарды ескере отырып, мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту және қорғау, оқушылардың сапалы және қолжетімді медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне уәкілетті органға тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құзыретті беру, сондай-ақ тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлері туралы ережені әзірлеу және бекіту бойынша функцияны беру, сондай-ақ тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балалардың денсаулығын қорғауды енгізу бөлігінде өзгерістерді енгізу талап етіледі.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) «білім беру» бағыты бойынша тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балаларға медициналық қызмет көрсету үшін бюджеттің шығыстарын жүзеге асыруды алып тастау және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) денсаулық сақтау бағыты бойынша тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балаларға медициналық қызмет көрсету үшін бюджеттің шығыстарын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім саласындағы уәкілетті органның құзыретінен тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балаларға медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді алып тастау, сондай-ақ тәулік бойы болмайтын, жалпы білім мектептерінде оқитын балаларға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуді енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
13. Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен байланысты жекелеген заңнамалық актілердің ережелеріне редакциялық түзетулерді енгізу талап етіледі.
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) (кейбір ұғымдарда, сондай-ақ уәкілетті органның құзыретінде), сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Рсепубликасы Заңының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігінің құзыретінде) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекпен қатар бірқатар ережелерін нақтылау қажет.
«МӘМС туралы» ҚР Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында кодекстің денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану тәртібін реттейтін ережесіне денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражатын денсаулық сақтау субъектілерінің МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтеріне ақы төлеуге жіберу туралы норманы енгізу қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 406 Заңымен кодекске «жоғары технологиялы медициналық қызметтер» ұғымын енгізу көзделген. Осыған байланысты бөлігі жоғары технологиялы медициналық қызметтер болып табылатын «стационарлық көмек», «стационарды алмастыратын көмек» ұғымдарына редакциялық түзетулерді енгізу қажет.
Жоғары технологиялы медициналық қызметтер амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің бөлігі болып табылатынын ескере отырып, ЖТМҚ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмек тізбесінен алып тастау қажет.
Заңның 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Осыған байланысты көрсетілген нормаға сәйкестікке келтіру мақсатында «жинау» сөзін «шоғырландыру» сөзімен ауыстыра отырып, МӘМС шеңберінде түсетін қаржы қаражатын жинаумен байланысты, мемлекеттік монополияға жататын қор қызметінің түріне нақтылау енгізу қажет.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банкктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылатын қызметтерін қоспағанда, ұйымдар тізбесінде уәкілетсіз қызметке тыйым салу туралы ережеде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын көздей отырып, толықтыру енгізу қажет.
3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы өткізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шеңберінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
4. Заң жобасын реттеу мәні
Заң жобасын реттеу мәні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы 2 баптан тұрады.
1) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне;
2) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне;
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне;
4) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне;
6) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне;
7) «Қазақстан Республикасындағы банкктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына;
8) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Рсепубликасының Заңына;
9) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;
10) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;
11) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;
12) «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;
13) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;
14) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;
15) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына;
16) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;
17) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;
18) «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін мен толықтырулардың мазмұнын айқындайды.
2-бап осы Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.
6. Заң жобасын қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелерімен сәйкестікке келтіруге бағытталған.
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамасының нормаларын біркелкі қолдануға алып келеді. Осы Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
7. Басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттілігі
8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі
Қазіргі күні заң жобасының бірқатар мәселелері (әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 135-бабымен регламенттеледі, Заң жобасының өзге мәселелері азаматтық, еңбек, бюджеттік заңнамамен, Қазақстан Республикасының халық денсуалығы туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен, Кәсіпкерлік кодекспен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, жол жүрісі туралы, білім туралы, рұқсаттар және хабарламалар туралы, Қазақстан Республикасындағы банкктер және банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарымен регламенттеледі.
9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы
Заң жобасын әзірлеу кезінде заң жобасының кейбір мәселелері бөлігінде шет елдердің тәжірибесі зерттелді.
1. Ресей Федерациясының федералдық заңына сәйкес Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдарының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеу жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға өзгелерден басқа мүгедек-балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар жатады.
Литвада үй жағдайында мүгедек-баланы немесе 24 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе 24 жасқа толғанға дейін пайда болған ауруға байланысты 26 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе тұрақты күтуді қажет ететін адамды күтетін ата-ананың біреуі, қамқоршы немесе бақылаушы жарналарды мемлекет төлейтін адамдар тізіміне қосылуы тиіс.
Эстондық медициналық сақтандыру жүйесінде 16 жасқа дейнгі мүгедекті күтетін және бұл ретте өздері аурулардан зардап шегетін немесе акушерлік күтім алатын адамдар үшін жарналарды медициналық сақтандыру қоры олардың орташа кірісінен 80% мөлшерінде төлейді.
Қырғыз Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде міндетті медициналық сақтандырумен қамтылмаған адамдар міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды міндетті медициналық сақтандыру полистерін сатып алу арқылы төлеуге құқығы бар.
Литвада төлеушілердің ешбір санатына кірмейтін адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналарды ай сайын жарна жүргізілген айға ең төменгі айлық кірістің 9% мөлшерінде төлейді.
Ресей Федерациясында Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдарының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеу жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға әскери қызметшілерді және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, мынадай азаматтар: 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, бастапқы кәсіби, орташа кәсіби және жоғары кәсіби білім мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын азаматтар, жұмыспен қамтылу туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар, баланы үш жасқа толғанға дейін күтетін ата-ананың біреуі немесе қамқоршы, мүгедек-балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін және жоғарыда көрсетілмеген азаматтар жатады.
Еуропа Одағында сақтандырылмаған адамдардың денсаулығын қорғау құқығының түбегейлі қағидаты басқа мемлекетте болу уақытында медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділігін қамтамасыз етумен іске асырылады. Бұл құқық 2004/38 директивасына 3 айға дейін және одан да ұзақ уақыт бойына болу кезеңінде негізділуі мүмкін. Іс жүзінде сақтандырылмаған, адамдарға, резиденттерге мемлекет медициналық көмекке қолжетімділікті кепілдік беретінін және шығыстарды медициналық көмек ұсынатын мемлекет толық өтейтінін білдіреді.
ЭЫДҰ елдерінде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер сақтандыру жарналарын/аударымдарын ұлттық қорға заңнаманың негізінде аударуға міндетті. Сақтандырылған шетел азаматтары медициналық көмекті осы елдердің азаматтарымен бірдей алады.
Еуропа одағының елдерінде «еркін» қозғалыс принципі пайдаланылады, ол Еуропалық елдердің медициналық сақтандыру жүйелері ЕО-ның басқа елдерінде алынған қызметтер шығыстарының орнын толтыратынын білдіреді. Алайда сақтандыру жағдайларын өтеуді ұлттық медициналық сақтандыру қорлары шығу елінің мөлшерлемері бойынша жүзеге асырады. Болу елінде алынған емнің бағасы асқан жағдайда сақтандырылған адам бағадағы айырмашылықты өтейді.
Голландық медициналық сақтандыру жүйесі барлық мүшелердің атынан (босатуларсыз) жарналар төлеуді талап етеді, бірақ Нидерландыда қызметтер Нидерландыда тұрып жатқан, сақтандырылған адамдарға ғана төленеді. Бұл елде тұрып жатқан және ӘМС-қа жарналарды төлейтін шетел азаматтарына да қатысты.
Германияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқығы бар адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандырудан басқа, сақтандыру елде тұрып жатқан әрбір азамат үшін міндетті болып табылады. Отбасы мүшелері жарналарды төлеуге міндетті емес. Бұл отбасы мүшелері Германияда тұрып жатса, олардың неміс медициналық сақтандыру қызметтеріне ғана құқығы бар. Егер азаматтар МӘМС арқылы сақтандырылмаса, олар жеке сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылуы қажет.
Германияға кіру үшін визаны алатын шетелдіктер оларға визаны бергенге дейін медициналық сақтандырудың болуы туралы дәлелдемені беруі тиіс.
Ресей Федерациясында ММС туралы Заң Ресейдің аумағында уақытша және тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге ғана қолданылады.
Ресейдің аумағында тұрақты тұрып жатқан, мекендеу қағазы және рұқсаты бар шетелдіктер заңға сәйкес РФ азаматтарына құқықтар мен міндетемелерінде теңестіріледі. Бұл азаматтардың осы санаттары тегін медициналық қызмет көрсетуді ММС бағдарламасының шеңберінде алатынын білдіреді. Оларға ММС полисі ресейліктерге берілетін шарттарда беріледі.
Ресейдің аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдіктер медициналық-көлік қызметтерін, оның ішінде репатриацияны (шұғыл эвакуацияны) қамтитын көмекті алуына болады. Медициналық қызметтер азаматтардың осы санатына шартқа және төленген сақтандыру жарнасының мөлшеріне сәйкес ұсынылады. Қызметтер көлемінің ең төменгі тізбесі Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген.
Ресей мемлекетінің аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары үшін ММС полисі заңмен көзделмеген.
Жедел медициналық көмек азаматтардың абсолютті түрде барлық санаттарына міндетті және тегін көрсетіледі.
Қауіпті жағдайдан шыққан науқасқа кейіннен көрсетілетін медициналық қызметтер ақылы негізді жүргізіледі.
Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Health Insurance Act Passed 19.06.2002 RT I 2002) сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар Эстонияның тұрақты тұрғындары болып табылатын, базалық білім алатын, 21 жасқа дейінгі студенттер, жалпы орташа білім алатын, 24 жасқа дейінгі студенттер, ресми кәсіби білім студенттері, сондай-ақ жоғары оқу мекемелерінің студенттері болып табылады.
Сақтандырылған адамдар деп есептелетін адамдардың сақтандырушылық өтемдерінің ұзақтығына қатысты қойылатын талапта студенттердің сақтандырушылық өтемдері оқу орнын аяқтағаннан кейін үш айдың ішінде тоқталатыны айқындалған. Егер студент білім беру мекемесінен мектепті аяқтағанға дейін жалпы орташа білім оқудың басынан кейін үш жалғаспалы академиялық жылдың ішінде шығарылса, оның сақтандырушылық өтемі оқудан шығарылғаннан кейін бір айдың ішінде тоқтатылады.
Литваның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Republic Of Lithuania Law on Health Insurance) сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекет жарналарының есебінен өтеуге құқығы бар адамдар жалпы білім беру мектептерінде оқитын адамдар, Литва Республикасының күндізгі кәсіби-техникалық училищелерінің, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, оның ішінде жоғары оқу мекемелерінің күндізгі нысанындағы студенттері болып табылатын, Литва Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және шетелдігі жоқ азаматтар болып табылады. Студенттер сақтандырушылық өтемінің мерзімі міндетті медициналық сақтандыруды қолдану мерзімінің жалпы талаптарымен айқындалады, онда студенттер сақтандырушылық өтемінің мерзімі жойылу күніне дейін студенттің мәртебені алу күнінен басталатыны айқындалған. Сонымен бірге, заң Медициналық сақтандыру қоры жабатын, медициналық қызметтерді міндетті жарналарды соңғы төлеуден кейін (мемлекеттің студенттер үшін) бір ай мерзіміне беруді көздейді.
2. Кейбір елдердің (мысалға, Дания, Финляндия, Корея, Испания, Швеция) Конституцияларында және ұлттық бюджеттік жүйені реттейтін негізгі заңдарда (мысалға, Францияның, Германияның, Жапонияның, Жаңа Зеландияның, Құрама Штаттардың) «қосымша бюджетке» немесе үкіметтік резервтерге және олардың нысаналы мақсаттарына қатысты жалпы ережелер айқындалған. Жапонияда күтпеген шығыстарды жабуға пайдаланылуы мүмкін резервтер қоры қызмет етеді. Жапонияның мемлекеттік қаражаты туралы заңы негізінен Қаржы министрлігінің қарамағындағы резервтер қорын пайдалана отырып, рәсімдерге бағдарланған. Жапонияда (және кейбір басқа елдерде) резерв қорының сомасы заңда көрсетілмесе (атқарушы билік оның мөлшерін айқындайды), басқа елдерде резерв қорының мөлшері немесе резервтердің мөлшерлері көрсетілген. Мысалға, «Біріккен Корольдіктің Резервтік қоры туралы» 1974 жылғы Заң парламент бекітпеген, шұғыл шығыстарды жүргізуге рұқсатын береді, шектеу алдыңғы жыл шығыстарының 2% деңгейінде болып табылады.
Канадада үкіметтік резерв «күтпеген жағдайларға арналған резерв қоры» деп аталады. Резервтер сондай-ақ күтпеген шығыстарға да пайдалануы мүмкін. Күтпеген шығыстар табиғи апаттарға қарағанда ауқымды санат болып табылады және ол үкіметке айтарлықтай шығын әкелетін, бірақ пайда болуын болжау қиын (мысалға, террористік оқиғалар, соғыстар, экономикалық дағдарыс, эпидемиялар, ядролық авариялар) барлық оқиғаларды қамтиды. Сонымен бірге, елдердің көпшілігі макроэкономикалық күрт ауытқулар кезінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының біраз бөлігін мемлекеттік бюджеттен белгілейді.
«Law on the Budget Structure of Lithuania»:
1) Үкіметтік резерв мемлекеттік бюджетте қалыптастырылуы тиіс. Ол мемлекеттік бюджеттің мақұлданған қаражат бөлу сомасынан 1% аспауы тиіс. Мемлекеттік қордың белгілі бір сомасы Seimas жыл сайынғы негізде Мемлекеттік бюджеттің қаржы индикаторларын және Муниципалдық бюджеттерді мақұлдау туралы Заңға сәйкес айқындалуы тиіс. Мемлекеттік қордың қорлары үкіметтік резолюциямен қаражаттандырылуы тиіс.
2) Мемлекеттік қордың қорлары төтенше жағдайларға, халықаралық операцияларға қатысуға қатысты міндеттемелерге және үкімет белгілеген басымдықтарға сәйкес өзге де қажеттіліктерге төтеп беру үшін пайдаланылуы тиіс.
Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде Медициналық сақтандыру қорының нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттемелерін орындау кейбір жағдайларда тоқтатылады және міндеттемелер мемлекеттің «мойнына» өтеді, мысалға трансферттерді жоспарланатын көлемнен республикалық бюджеттен қысқарту. Медициналық сақтандыру туралы заңда Қор банкрот бола алмайтыны айқындалғандықтан, Қордыңқаржылық орнықтылығын белгілі бір жағдайларда Үкіметтік резервтің қаражатынан қамтамасыз етілетінін болжамджауға болады.
Үкіметтің макроэкономикалық құлдырау жағдайларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуде қаржыландыруды нысаналы тағайындаумен бірге резервтерінің болуы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың ересек деңгейі бар көптеген елдерде байқалады.
3. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесіне қатысты. Бұл мәселе бойынша мынадай елдердің: Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының тәжірибелері зерттелді.
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің медициналық көмекті тегін алуға, дәрілік препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен дәрігердің тағайындауы бойынша тиісті медициналық, әскери-медициналық бөлімшелерде, бөлімдерде және федералдық заңмен әскери қызмет көзделген федералдық атқарушы билік органдарының ұйымдарында тегін қамтамасыз етуге құқығы бар.
Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық ұйымдар болмаған кезде және (немесе) оларда тиісті бейіннің бөлімдері болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда әскери қызметшілердің медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында алуға құқығы бар.
Әскери қызметшілерге медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында көрсетумен байланысты шығыстар тиісті мемлекеттік органдарға (ҚМ, ІІМ және өзгелер) бөлінетін федералдық бюджет қаражатының есебінен өтеледі.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар және өзге азаматтармен жалпы негіздерде міндетті медициналық сақтандыруға жатады.
Беларусь Республикасының заңнамасымен әскери қызметшілердің әскери қызметі көзделген, мемлекеттік органдарға бағынышты денсаулық сақтау ұйымыдарында медициналық көмекті тегін алуға құқығы белгіленген.
Әскери қызметшілерге қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери денсаулық сақтау ұйымдары болмаған жағдайда, сондай-ақ жедел (кейінге қалдыруға болмайтын) медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындаған кезде медициналық көмек заңнамаға сәйкес өзге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
Медициналық көмек әскери қызметшілерге, әскер қызметшілер қатарындағы зейнеткерлерге тегін көрсетіледі.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алу мүмкін болмаған кезде тиісті әскери денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілермен бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің және әскери жиынға шақырылған азаматтардың тегін медициналық көмекке, дәрілермен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен әскери-медициналық мекемелерде қамтамасыз етілуге құқығы бар. Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер немесе тиісті бөлімшелер немесе арнайы медициналық жабдық болмаған кезде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық көмек денсаулық сақтау мекемелерінде олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан тегін көрсетіледі. Көрсетілген денсаулық сақтау мекемелеріне әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша шығыстары Қырғыз Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өтеледі.
«Қырғыз Республикасында азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заңның 8-бабына сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар жатады.
Мерзімдегі қызметтің әскери қызметшілері, офицерлер, прапорщиктер, мерзімнен тыс қызметтің әскери қызметшілері, әскери қызметші әйелдер үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарналары республикалық бюджет қаражатынан жылына есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде төленеді.
4. Қырғыз медициналық сақтандыру қоры қызметтер берушілермен медициналық, профилактикалық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарттар жасасады және олар бойынша ақы төлеуді жүзеге асырады.
Эстонияның медициналық сақтандыру қорының медициналық сақтандыруды ұйымдастыру бойынша міндеттеріне фармацевтикалық қызметтерге дәрілік заттар үшін ақы төлеу кіреді.
Сақтандырылған адамдарға медициналық көрсету үшін ақы төлеу Литвада Медициналық сақтандыру қорының аумақтық фидиалдары мен медициналық ұйымдардың арасында жасалған шарттар бойынша жүргізіледі, дәріханаларда жіберілетін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қаражаттандырумен байланысты шығыстар медициналық сақтандыру қорының аумақтық фидиалдары мен дәріханалардың арасында жасалған келісімдердің негізінде өтелуі тиіс.
5. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің және Багам аралдарының, Болгарияның, Кенияның, Черногорияның, Литваның, Перудың, Филиппиннің, Сербияның және Тайландтың әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сипатталған «қатысу өтілі», «сақтандыру мерзімі» ұғымдары жоқ.
Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастыру болмаумен) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда резерв жүйесі болуы қажет (жұмыстан шығу жағдайына сақтандыру және/немесе еңбекке қабілетсіздігі жағдайына сақтандыру), ол осы адам жаңа жұмысты тапқанша дейін немесе жұмыс қабілеттігін қалпына келтіргенге дейін сабақтастықты қамтамасыз ететін болады.
Жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болған жағдайда оның мемлекет төлейтін, ӘМС-қа қаражаттандыратын жарналарға құқығы бар және ол ӘМС жүйесінде қалады.
Жеке тұлға жаңа жұмысқа орналасқан жағдайда төлемдердің үздіксіздігі сақталып қалады, сонда сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады. Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыз болып қалса немесе еңбекке қабілетсіз болып қалса, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы алушысы болмаса және жарналар төлеуді өзі жүзеге асыру үшін қаражаты болмаса, бұл жағдайда жарналардың үздіксіздігін сақтап қалу үшін демеу-қаржы алу құқығын алуы тиіс. Бұл жағдайда да сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады.
Егер мемлекет МӘМС-қа жарналар төлеуді жүзеге асырмаса, бұл жағдайда қаражаттандыратын режим бойынша ӘМС шарттарын және ережелерін бұзушы жеке тұлға емес, мемлекет болғандықтан, ол жазаланбауы тиіс, тиісті жеке тұлға МӘМС-тан жанама, демеу-қаржының шеңберінде белсенді қызметтер алшуы болып табылады, ол тұлғаға ӘМС қызметтерін мемлекет мерзімі өткен қаражаттандырылған жарналарды төлегенге дейін, ал ӘМСҚ қаражаттандырылатын адамға көрсетілген медициналық қызметтер үшін қызметтер берушілерге мемлекеттің ӘМС жүйесіне қаражаттандырылатын жарналары бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты ақы төлеу үшін келтірілген МӘМС-тің шығыстарын өтей алғанға дейін алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ЭЫДҰ-ның бұрыннан келе жатқан ӘМС жүйелері бар елдерді қоса алғанда, ешбір елде ӘМС туралы заңнаманың негізгі бағыты болып табылмайды.
Жұмыстан шығару және еңбекке қабілетсіздік/мүгедектік жағдайындағы сақтандырудың мысалдары:
a) АҚШТ-та федералдық-мемлекеттік сақтандыру жүйесі жұмыстан шығару жағдайына (бұдан әрі – ЖШЖ) жұмыстан шығарылған жеке тұлғаларға олар жаңа жұмыс іздеу кезеңінде жалақысының бөлігін орнын басу арқылы көмектеседі. 1935 құрылған бұл жүйе әлеуметтік сақтандырудың бір нысаны болып табылады, онда жұмыс берушілерден жиналатын салық жүйеге жұмыскерлердің атынан оларды жұмыстан шығару жағдайында ақшалай жәрдемақы беру мақсатында төленеді. АҚШ Еңбек департаменті жүйеге қадағалауды жүзеге асырады, бірақ жұмыссыздық жөніндегі негізгі (базалық) сақтандыру бағдарламасына әрбір штат әкімшілік етеді. Базалық бағдарлама көпшілік штаттарда жұмыссыздардың алдыңғы жалақысының шамамен жартысының орнын толтыра отырып, 26 аптаға дейін орташа оларға жәрдемақы береді. Штаттар қаржыландырудың айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді және жұмыскерлерге жәрдемақы төлеуді тікелей жүзеге асырады; Федералдық Үкімет әкімшілік шығыстарға ғана ақы төлейді. Тұрақты Ұзартылған жәрдемақы (бұдан әрі – ҰЖ) бағдарламасы, әдетте, жұмысты халықпен қамту жағдайы айтарлықтай ушыққан штаттарда стандартты жәрдемақыларын тауысқан жұмыссыздарға өтемақыны қосымша 13 немесе 20 апта береді. Жәрдемақы беру апталарының жалпы саны жұмыссыздық деңгейіне және тиісті штатта жұмыссыздық жағдайына сақтандыру туралы қолданылатын заңнамаға байланысты.
b) «Бюджеттік қарама-қайшылықтарды кешенді реттеу туралы» шоғырландырылған заң (бұдан әрі – COBRA) медициналық сақтандыруды жоғалтып отырған жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан ерікті және еріксіз шығару, жұмыс сағаттарын қысқарту, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу, қайтыс болу, айырылысу және басқа өмірлік жағдайлар сияқты белгілі бір жағдайлар туындаған кезде уақыттың шектелген кезеңіне медициналық сақтандыру жоспарымен берілетін топтық медициналық сақтандырудың пайдалануын ұзартуды таңдау құқығын береді. COBRA шеңберінде сақтандырылған жұмыскерлерге, олардың жұбайларына, бұрыңғы жұбайларына және асырауында болатын балаларға белгілі бір жағдайлар туындаған кезде топтық сақтандыру өтемін жоғалту мүмкін болған жағдайларда сақтандыру өтемін ұзартуды ұсыну талап етіледі. Көбінесе COBRA шеңберінде сақтандыру өтемін ұзарту әдетте жұмыс беруші жұмыс істеп жатқан жұмыскерлердің осындай медициналық сақтандыруға шығыстарының бөлігін төлейтіндіктен, бұл жұмыс істеп жатқан жұмыскерлер топтық медициналық сақтандыруға төлейтін сомасынан едәуір жоғары; бұл ретте сақтандырудың бар құны сақтандыру өтемін ұзартуды алатын жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін.
c) Еңбекке қабілеттілікті жоғалту/мүгедектік жағдайына кірістерді сақтандыру: бұл еңбекке қабілетсіздікке алып келетін және сақтандырылған адамға өзінің әдеттегі еңбек қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейтін аурулар немесе жазатайым оқиға жағдайында қосымша кірісті қамтамасыз ететін сақтандыру өнімі. Төлемдер әдетте ай сайынғы негізде жүзеге асырылады, осылайша, сақтандырылған адамға өзінің өмір деңгейін қолдауға және тұрақты шығыстарға ақы төлеуге мүкіндік береді.
6. Қырғыз Республикасының Медициналық сақтандыру қорының және оның аумақтық басқару органдарының міндетті медициналық сақтандыруға жарналар жинауды жүзеге асыруға өкілетті орган беретін ақпараттың дәйектілігіне бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ресейде Федералдық қор жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуге бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде аумақтық қорлардың жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуден түсетін Федералдық қор кірістері әкімшісінің функцияларын орындау бойынша қызметтеріне тексеру жүргізеді.
Осы және басқа елдерде жарналарды және аударымдарды жинау функциясы қорға (салық органы арқылы) тиесілі, нәтижесінде олар үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың болжамды санын айқындау функциясының орнын дербестелген есепке алу арқылы оларды төлеуді бақылау функциясы толтырады.
7. Литваның міндетті медициналық сақтандыру туралы заңымен қордың Міндетті медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерді қалыптастыру міндеті көзделген. Резервтің қаражатын Қор елдің Үкімет белгілеген рәсімдерге сәйкес пайдалана алады.
Эстонияда заң бойынша Медициналық сақтандыру қорының белгіленген резерві Әлеуметтік істер министрінің ұсынысы бойынша Үкімет белгілеген тәртіппен ғана пайдаланыла алады. Үкіметке ұсыныс бергенге дейін Министр Қордың Байқау кеңесінің пікірін тыңдайды. Қауіптер резерві Байқау кеңесінің шешімі бойынша пайдаланыла алады. Аталған директивалар Эстонияның медициналық сақтандыру туралы заңында көрсетілген.
Ресей Федерациясының Федералдық қоры нормаланған сақтандыру қорының қаражатын пайдалану тәртібін атқарушы биліктің уәкілетті федералдық органы белгілейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданыстағы үлгісі бар елдердің резервтерін Медициналық сақтандыру қорының Үкімет айқындаған, қатаң белгіленген жағдайларда пайдалануға құқығы бар.
Осылайша, осы бөлімде келтірілген шетелдік тәжірибені талдау заң жобасын әзірлеу үшін негіз жасауға мүмкіндік берді.
10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржылай шығындар
Кейбір нормалар республикалық бюджеттің шығасыларын есептеуді, сондай-ақ республикалық бюджеттен жергілікті бюджет толық қаржыландырмаған шығыстарды ұлғайту үшін қосымша қаражат бөлуді талап етеді.
Республикалық бюджеттің 2017-2019 жылдар үшін шығындары болжам бойынша 126 163 022 мың теңгені, оның ішінде:
2017 жылы – 33 025 235 мың теңгені;
2018 жылы – 45 311 376 мың теңгені;
2019 жылы – 47 826 411 мың теңгені құрайтын болады.