Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бүйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 жэне 3-қосымшалар осы бүйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйғатарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды түлгалардың жэне жеке тұлғалардың мүлік қүқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартында:
мынадай мазмүндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үсынған қүжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;  
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің жэне мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тэртіппен:
1) осы бүйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында жэне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бүйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерініғі эталондык бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық қүқыктық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құкығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бүйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бүйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Б. Султанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі Д. Абаев
2016 жылғы « »
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттык экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы « »
Полная версия
ИС BestProfi