Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:  
1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):  
1-тармақтың 18-8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.».
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1-тармақтың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 39-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi көлік, коммуникация кешенінде басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган жүзеге асырады.»;
4) 119-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi