Близость слов: Окончание:





«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Осы Заң стандарттау саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, принциптері мен жұмыс істеу жүйесін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі түсініктер
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  
1)әскери стандарт - белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарт;
2) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану немесе тұтыну, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
3) дайындаушы – өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;  
4) өнімнің каталогтық парағы – нақты өнім туралы: оның атауы, дайындаушы, талаптарына сәйкес өнім дайындалатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжат, сондай-ақ осы өнімнің негізгі тұтынушылық сипаттамалары туралы мәліметті алуға мүмкіндік беретін, деректемелердің бірыңғай жинағын құрайтын құжат;
5) халықаралық стандарт – халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткізе алатын құжат;
6) мемлекетаралық стандарт – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі - өңірлік стандарттау ұйымы қабылдаған өңірлік стандарт;  
7) уәкілетті орган- стандарттау саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) халықаралық стандарттау ұйымы – оған мүшелік кез келген елдің тиісті ұлттық органына ашық болатын стандарттау органы;  
9) Ұлттық стандарттау органы – Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын мемлекеттік заңды тұлға;
10) ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшi – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн стандарттау жөніндегі құжат;  
11) ұлттық стандарттау жүйесі – стандарттау саласында қызметті жүзеге асыру процесіндегі субъектілердің және олардың қатынастарының жиынтығы;
12) үкіметтік емес стандарт – Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы қабылдаған, тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарттау жөніндегі құжат;
13) стандарттау жөнiндегi құжат – стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;  
Полная версия
ИС BestProfi