Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.12.2016
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 тамызда № 14129 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті (Тлеукенов Ж.О.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Н.М. Ыбырайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т. Донақов
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 министрінің
 2016 жылғы 22 шілдедегі
 № 158 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 министрінің
 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 12 бұйрығына
 3-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының (бұдан әрі – үлгілік біліктілік талаптары) A, В, С, D, Е санаттары топтарына белгіленген және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Үлгілік біліктілік талаптары азаматтарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайда қойылмайды.
Полная версия
ИС BestProfi