1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14092 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«1. Осы бұйрыққа 1 -534-қосымшаларға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.»;
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 425 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары білім беру мамандығы бойынша
ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
Полная версия