Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда № 14145 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламасы бар 348-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"348 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
004 Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету";
06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
2 "Әлеуметтiк көмек" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік бағдарламасы бар 348-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"348 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
017 Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау";
9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасымен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 348-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"348 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
013 Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
Полная версия
ИС BestProfi