Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12 – бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп» (коды 7781201, индексі 1-ОПЗ, кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп» (коды 7781201, индексі 1-ОПЗ, кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 104 (Нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7691 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
төрағасы Н. Айдапкелов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т. Дүйсенова
2016 жылғы «__»_________
  1. Үкіметтік сыртқы және мемлекет кепілдік берген қарыздарды игеру, өтеу және қызмет көрсету туралы ақпарат
Полная версия
ИС BestProfi