Близость слов: Окончание:





«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобасына тұжырымдама жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жобасына түжырымдама
«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бүдан әрі - заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігіне негіздеме
Заң жобасы ҚР Президентінің №314 Жарлығымен 2016 жылғы 6 қыркүйекте бекітілген 2016-2021 жылдарға арналған заң шығарушылық жұмыстың Тұжырымдамалық жоспарын орындау аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылға арналған заң жобалық жүмыстарының Жоспары, 2002 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің 82 тармағы, ҚР Әділет Министрлігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 3-8-7/И-3478 хатының негізінде әзірленді.
Қоғамдық қатынасты талдау, құқықтық қолдану тәжірибесі және кәсіби қоғамдастықтар талдаған сұрақтар отандық медиа-саланың одан әрі дамуына жэне оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бүқаралық ақпарат құралдары, телерадиохабар тарату, байланыс және информатизация мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру өзектілігін көрсетті.
Бұкауалык ақпарат қуралдары мен телерадиохабар таратудыц мәселелері
1. Азаматтардың ацпаратца цолжеткізу цщыгын қоргау
1.1. БАҚ саласындағы қолданыстағы заңнама азаматтардың қүқығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жалған ақпаратты әшкерелеуді жариялауға қатысты жетілдіруді қажет етеді. Бүгінгі таңда қүқық қолдану тәжірибесі бойынша, азамат аталған қүқығын көбінесе сот тәртібінде ғана пайдалана алады. Осылайша, сотқа дейінгі тәртіппен дауды шешу мүмкіндіктері қажетті деңгейде реттелмеген. Осымен, бір жағынан алып қарағанда, азаматтың шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді эшкерлеуді жариялау құқығы жасанды түрде шектеледі, екінші жағынан БАҚ сотқа дейін дауды шешуден шектеледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Бүқаралық ақпарат қүралдары туралы» Заңының 19-тармағын дауды сотқа дейін шешуге басымдық бере отырып, қайта қарау үсынылады.
1.2. Мүмкіндігі шектеулі жандар қүқығын қорғау бойынша қабылданған жауапкершіліктер және мүгедектер қүқығы туралы Конвенцияны ратификациялаудан кейін қабылданған Қазақстан Республикасы орындауы тиіс қүқықтық шарттар қүралғаннан кейін олардың ақпаратқа қолжетімділігі мәселелері айрықша күшке ие болды.
«Телегазета» қызметі және/немесе мерзімді баспа басылымдардың электронды нұсқасын ¥лттық телерадиохабар тарату операторының жүйесінде беру Қазақстанда және Достастық елдерінде баламасы жоқ қызмет, абонент ақпаратты тікелей теледидар экранында, оқуға ыңгайлы форматта, мерзімді басылым шығатын күні күнделікті жаңарган жаңалықтармен қамтамасыз етіледі. Бүл түргын үйі шегінен шыга алмайтын және керең-мылқау мүгедектерге жақсы ақпарат ісөзі болып табылады. Журналистік қызметтің аталған түрін заңнамалық тұргыда «Телегазета» түсінігін бекіту ұсынылады.
2. Кәмелетке толмаган жасөспірімдердіц цұцыгын цоргау
2.1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында мемлекеттік органдар, жеке және заңды түлгалар кәмелет жасына толмаган жасөспірімдер мен балалардың адамгершілік және рухани дамуына кері ықпал ететін баланың денсаулыгына зиянын тигізетін теріс ақпараттардан, насихат пен үгіт-насихаттан, әлеуметтік ортаның әсерінен қоргауға мемлекеттік кепілдік береді.
Осы тұргыда, қазіргі күні БАҚ-та кәмелетке толмаган жасөспірімдерге қатысты заңға қарсы деректерді, жәбір көрген балалар туралы толыққанды ақпараттар мен бейнелерді корсету жиілеп кетті.
Осыған байланысты, жасөспірімдерге қатысты қылмыс деректерін жария ету мен олар туралы толыққанды ақпараттар мен суреттерді БАҚ-та көрсетуді реттеу мен шектеу қою туралы өзгерістер қарастыру үсынылады.
Бұдан басқа, байланыс операторлары оқу орындарында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бейімделген ғаламторды қамтамасыз ететін норманы қарастыру керек.
3. БАҚ-ца артылатын жүктемені жецілдету
3.1 Жаңа технологияларды енгізе отырып, отандық медиа-саланы жетілдіру қажеттілігі мәселелері бойынша қогамдық талқы БАҚ қүқықтық және онымен байланысты экономикалық жүктемені жеңілдету мәселелерімен тікелей сабақтасады. Бірінші кезекте ақпараттық қауіпсіздік түргысынан азын-аулақ бүзушылықтарга әкімшілік жаза көлемі мен формасын өзгерту. Бүларга шығыс деректері және міндетті данасы бойынша тиражды конфискациялау түрімен шара қолданылатын жэне БАҚ қызметін үш айға тоқтататын заңнама талаптарын бұзушылықтарды жатқызуга болады. Осыған байланысты, азын-аулақ бұзушылықтар бойынша жауапкершілік шараларын қайта қарастыру үсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi