Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 541 бұйрығы.
​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қазанда № 14320 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«009 Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
076 «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi