1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2019
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына 15-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже күшін жойды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.07.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.03.2019 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (13.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Полная версия