1. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 49-50, 501-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2016 жыл1. Бағдарламаның паспорты
Атауы |
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. |
Әзірлеу үшін негіз |
1. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы. |
Әзірлеуге жауапты |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі. |
Мақсаты |
Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру. |
Міндеттер |
1) дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау; |
Іске асыру мерзімі |
2015-2019 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
2019 жылға қарай мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу: |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Бағдарламаны 2015-2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 878,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: |
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы Қазақстан Республикасының үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясатының пайымы болып табылады. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ) шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.
Ағымдағы Бағдарлама ҮИИДМБ-ның қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесін ескереді. Бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жетілдіру қамтамасыз етіледі, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы», арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) бүкіл қызметі кезеңіне АЭА қатысушылары үшін тұрақтылық және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдіктер қамтамасыз етілетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға, түзетулер енгізіледі, сондай-ақ энергияны үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтер жетілдіріледі.
Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне сезімтал болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), «сары парақтар қағидатын» (Yellow Pages) ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияларға (бұдан әрі - ТШИ) (FDI Confidence Index by A.Т. Kearney) сенім индексіне және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне кіруі, адами капитал индикаторларын жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылға тәуелді.
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны табысты іске асыру үшін ауыл шаруашылығын, жер қойнауын пайдалануды, ақпараттық-коммуникациялық, ғарыштық, көліктік және өзге инфрақұрылымды, көрсетілетін қызметтерді, білім беруді қоса алғанда дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың (қолданыстағы және жаңадан қабылданған) оның түйінді қағидаттарына қайшы келмеуі және макроэкономикалық тұрақтылық шараларының қамтамасыз етілуі қажет.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Қазақстан Республикасында индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау