Близость слов: Окончание:





«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабыбірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жриялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Қ .Бишімбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасы
Ұлтық экономика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлімінің 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және темір-бетон және бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.  
2. Осы Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті  және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламент объектілері болып табылатындар: ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыс объектілері), құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары (бұдан әрі - құрылыс өнімі), құрылыс объектілерін және құрылыс өнімдерін жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге асыру процестері (бұдан әрі - өмірлік цикл сатылары).
Полная версия
ИС BestProfi