Близость слов: Окончание:





«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген,2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын болады.  
Аталған бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;
5) қызметкерлер саны 30 адамнан аспайтын, шетелдік заңды тұлғаның өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.
30-тармақтың үшінші бөлімі алынып тасталсын.  
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін акциясының бір бөлігі немесе оның үлесі аталған шетелдік заңды тұлғаға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға жазылған хаттың немесе келісімнің негізінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуге келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады».
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік жұмыскерге қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау бойынша талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің шетелдік жұмыскер мен одан корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында жасалған еңбек шартымен (немесе келісімімен) реттеледі».
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi