Близость слов: Окончание:





«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:  
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №253 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №241 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №11000 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кешенді жұмыс – жобалық және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыс, жобалау және зерттеу жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты (қажет болған жағдайда) басқаруды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету.»;
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«Әлеуетті жеткізушіге осы тармақта көзделмеген қосымша біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.»
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны міндетті түрде көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды көрсете отырып, сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік, сондай-ақ ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі.
Үкіметтік емес стандарт болмаған жағдайда ұлттық стандартты немесе мемлекетаралық стандартты көрсетуге жол беріледі;»
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде (мұндай шартты орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу) осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (жер қойнауын пайдаланушының мердігеріне және/немесе оның уәкілетті тұлғасына) қоятын міндетті талабы;»;
23) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде:
Полная версия
ИС BestProfi