Близость слов: Окончание:





«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы ы6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы ы6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10513 болып тіркелген, № 61 (28539) «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi