Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдама жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
«Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).  
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасын әзірлеу заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарымен көзделген (2017 жылдың 2-жарты жылдығы).  
Статистика дәстүрлі түрдедемократиялық процестер мен қоғамдағы ілгерілеу үшін маңызды негіз қалайтын экономикалық және әлеуметтік-саяси процестерді мемлекеттік басқарудың маңызды институттарының бірі ретінде қаралады.  
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелендіру және талдаудың әр алуан функцияларын орындай отырып, ол әрқашанәртүрлі тектегі құрылымдардың, ұйымдардың және халықтың басқарушылық, ғылыми-зерттеу және қолданбалы тәжірибелік мұқтаждықтарына арналған факторлардың басты жеткізушісі ролін атқарды.  
Қазақстан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болғаннан кейінмемлекеттік статистика мәселелерін реттейтін жаңа заңнамалық акт құру қажеттілігі туындағандығы толық сөзсіз болды.
Осылайша, жаңа заңдар статистикалық және статистикалық емес қызметтің шекарасын айқын белгіледі, статистика сапасын арттырды, әкімшілік дереккөздердің деректерін пайдалану арқылы респонденттерге түсетін салмақты азайтты,мемлекеттік аппараттың пайдаланушыларды толық әрі деректі ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмысын жақсартты, мемлекеттік орган қызметкерлерінің тиісті саладағы заңнама нормаларын сақтауы үшін жеке жауапкершілігін арттырды.
Осылайша, 2011 жылы Еуростаттың Еуропа статистика жүйесі комитетінің отырысында 2005 жылы қабылданған Еуропа статистика нормаларының кодексі өзектендірілгенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған сапаны қамтамасыз етудің стандартты ұлттық негізгі қағидаттары қабылданды. Қағидаттар сапаны қамтамасыз етудің ұлттық негізгі қағидаттар бойынша сарапшылар тобымен әзірленді. Одан басқа 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мақұлдаған, мемлекет пен қоғамның статистикалық ақпаратқа деген сенімін қамтамасыз ету үшін әлемдік статистика қызметтері ұстануы тиіс жалпы тәсілдерді декларациялайтын ресми статистиканың негізгі қағидаттары қайта қарастырылды.  
Осыған байланысты статистикалық процестер мен өнімдердің сапасын институционалдық деңгейде қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын өзектілендіру қажет.  
2016 жылғы 29 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда, Еуропа статистиктерінің конференциясында (бұдан әрі ЕСК) 11 елді, оның ішінде Қазақстанды қамтитын Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін БҰҰДШ желісі бойынша қаржыландырылатын жоба аясында әзірленген ұсынымдар ретінде бекіту үшін ЕСК пленарлық сессиясында ұсынылған Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму шоттары жобасы аясында әзірленген Ресми статистика туралы үлгілік заң қарастырылғанын атап өткен жөн.  
Статистика туралы үлгілік заң Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің экономикалық қатынастарын құқықтық реттеуді жақындастыру және үйлестіру мақсатында қабылданып, осы елдердің статистика туралы заңдарында және әлемдік статистика тәжірибесінде бар барлық оң нормаларды қамтыған.  
Осыған байланысты заң жобасы шеңберінде Статистика туралы үлгілік заңда бекітілген статистикалық қызметтің негізгі қағидаттарын енгізу ұсынылады.  
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде «ҚАЗСТАТ: Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдар кезеңіне Ұлттық статистика жүйесін нығайту» жобасы шеңберінде алынған халықаралық сарапшылардың ұсынымдары пайдаланылды.  
Осыдан басқа, пайдаланушылар мен респонденттер үшін ресми статистиканың жаңа тұжырымдамасын ілгері жылжытуда қажеттілік пен респонденттер мен пайдаланушылардың ресми статистика деректеріне деген сенімін одан әрі күшейтуде қажеттілік әлі де бар.  
Аталғанға байланысты, заң жобасы келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:  
1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және Заңның осы 8-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланатыны бекітілген. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабымен жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын деректер бекітілген.  
Полная версия
ИС BestProfi