Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 454 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14482 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2016 жылғы 27 қазандазы
№ 454 бұйрығымен
бекітілген
«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің су ресустарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14238 болып тіркелген) бекітілген «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оған қол қою;
4) тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.
«Бөгеттің қауіпсіздігі
декларациясын тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескертпе: * ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік;
Полная версия
ИС BestProfi