2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 86-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 11 қарашадағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 14514 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 04.06.2025 жылғы № 108-НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Қ. Айтуғанов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев 2016 жылғы «10» қараша «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 2016 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М. Мырзағалиев 2016 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 қазандағы № 431 бұйрығымен бекітілген
Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары 1-бөлім. Ауыл шаруашылығындағы су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары
Осы Нормалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.09.2020 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (11.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-кесте
Қазақстан аумағы ылғалдануының агроклиматтық аймақтары
|
Ылғалдану коэффиценті, (бұдан әрі - ЫК) |
Ылғалдану аймақтары |
Сәйкес келетін табиғи аймақтар |
Шифр |
Топырақтардың негізгі типтері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
> 0,50 |
шамалы құрғақшыл |
орманды-дала |
ОД |
сілтіленген қара топырақтар, кәдімгі қара топырақтар |
|
0,50-0,40 |
құрғақшыл |
құрғақшыл дала |
ҚшД |
оңтүстік қара топырақтары |
|
0,40-0,30 |
шамалы құрғақ |
құрғақ дала |
ҚД |
қара-қызғылт, типтік-қызғылт |
|
0,30-0,20 |
құрғақ |
шөлейт |
Ш |
ашық қызғылт топырақтар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
0,20-0,10 |
өте құрғақ |
солтүстік шөл |
Шс |
қоңыр, сұр-қоңыр, |
|
0,10-0,20 |
оңтүстік шөл |
Шо |
||
|
0,20-0,30 |
құрғақ тау бөктерлі |
тау бөктерлік шөлейт |
ТБШ |
кәдімгі сұр топырақтар, |
|
0,30-0,50 |
құрғақшыл таулы |
тау бөктерлік дала |
ТБД |
қара қызғылт топырақтары |
|
> 0,50 |
шамалы құрғақшыл және |
таулы дала |
ТД |
топырақтардың таулы типтері |
Ескертпе: Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары жүйелі және көлтабанды суару, жайылымдарды және қорғалған грунтты (жылыжайлар мен парниктер) суландыру үшін берілген, олар ағынның қамтамасыз етілуінің мынадай үш есептік жылдары бойынша есептелген:
1) орташа – 50 % қамтамасыз етілуі;

