Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2020
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 231 бұйрығына
 1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 жылғы № 1056 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығымен (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 жылғы № 1461 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
аттестаттауға жіберуден бас тарту немесе аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына орналастырады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы шешім не көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жолданады.
Полная версия
ИС BestProfi